БЕЙЖІҢ. 21 мамыр. Ресей президенті Владимир Путин Қытай райысы Щи Жиңпиңге табиғи ресурстарды «үздіксіз» шығарып беріп тұруға ант-су ішті. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Ресей Қытайға мұнай, газ және сұйылтылған табиғи газды (СТГ) «үздіксіз» жеткізуді қамтамасыз етуге дайын», деді ҚХР төрағасы Щи Жиңпиңмен Бейжіңде өткен келіссөздерден кейін Ресей президенті Владимир Путин.
Кремль көсемінің айтуынша, Ресей Федерациясы мен ҚХР «сыртқы әсерлер мен жағымсыз тенденциялардан қорғалған» тұрақты өзара сауда жүйесін құрған.
Гайдар институтының мәліметі бойынша, өткен жылы Ресей Қытайға құбыр мен СТГ-ны қоса алғанда, 91,4 миллион тонна мұнай, 72,4 миллион тонна көмір, сондай-ақ 12,6 миллиард долларға газ жеткізген. Бұл ретте мұнай жеткізілімдері физикалық тұрғыда 8%-ға қысқарды, ал олардың орташа бағасы басқа жеткізушілерге қарағанда 8%-ға төмен болды. Нәтижесінде Қытай Украинамен соғыс басталғаннан бері жылына $2,2 млрд және $12 млрд дерлік қаржат үнемдеген.
Қытайдың Ресейден алатын көмір импорты 11%-ға, құбыр газының импорты 18%-ға қысқарды. Сонымен қатар, Қытай Ресейдің 7,8 млн тонна ағашын (-10%), 245 мың тонна қара металын (-63%), сондай-ақ 2,1 млн тонна қалайысын (+68%) және 88 мың тонна никелін (+51%) сатып алған.
Қытай Ресей экспортының 27%-ы және Ресейге импорт бойынша әкелінген барлық тауарлардың 36%-ын құрайды. Бұған қоса, Мәскеудің Қытайға санкцияланған технологияларды жеткізу бойынша тәуелділігі 90%-ға жетті.
USD




