18 Қазан, 05:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Путин Белгородты атқылауды теракт деп атап, Киевке шабуыл жасалатынын айтты

2 Қаңтар 2024 09:21
- Жаңалықтар, Оқиға
Путин Белгородты атқылауды теракт деп атап, Киевке шабуыл жасалатынын айтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 2 қаңтар. РФ диктаторы Владимир Путин украин армиясының Белгородқа шабуылына «теракт» деген баға беріп, енді Киевтің орталығына соққы жасағылары келетінін мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«2023 жылғы 30 желтоқсанда Украина Қарулы күштері тарапынан Белгородтың атқылануы – теракт», – деді нөмірі бірінші терроршы.

«Өйткені, олар мұны «Ольханың» екі ракетасының қолдауымен жасап, дүркін отты жүйеден соққы берді <…> Бұл – алаңдар бойынша соққы беретін қару, олар осы қарумен Жаңа жылды тойлап жүрген халықты көздеп, қала алаңдарын атқылады», – деп гуілдеді Путин құдды бір өзі ешқашан алаңдарды, ауруханаларды, балалар бақшаларын, мектептерді, перзентханаларды, көп қабатты үйлерді, энергетикалық нысандарды атқылап көрмеген адам сияқтанып.

Делқұлы диктатордың пікірінше, жау «осындай соққылар беру арқылы ресейліктерді қорқытып, олардың елге деген сенімдеріне сызат түсіргілері келеді». «Біз, әрине, бұған жауап ретінде Киевтің орталығын, басқа кез келген қаласын атқылай аламыз, қазір менің ішім қайнап барады, бұлайша бейбіт тұрғындарға қалай соққы беруге болады? Жоқ, біз әскери нысандар бойынша соққы жасаймыз, солай етеміз», – деп теңселді ол тағы «періште кейпіне» енуге әрекет етіп.

Диктатор өз сөзінде Украинаны атқылауды арттыратындарын ашып айтты.

Путин сонымен бірге Ресейдің үздіксіз соғыса бергісі келіп отырмағанын да баяндады. Лекін, өз позицияларын да бергілері келіп отырған жоқ. Демек, басып алған жерлерін қайтаруға құлықты емес. Дегенмен, Мәскеу жанжалды «мейлінше тезірек аяқтауды» қалайды. «Бірақ бұл біздің ғана қолымызда тұрған жоқ», – деп атап өтті узурпатор.

Белгород қаласының орталығы 30 желтоқсан күні атқылауға алынды. Нәтижесінде 24 адам қаза тауып, 108 адам жарақат алды.

 

Таңбалар: атқылауБелгородВладимир ПутинКиев

Ұқсас мақалалар

Путин Ресей жоғары оқу орындарын орыс тілін филологиядан бөлуге шақырды
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026
Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды
Дәулет

Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды

28.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist