26 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пост-кеңестік елдер лидерлері Мәскеудің биылғы шеруіне қатыспайды

7 Мамыр 2026 22:11
- Әлеумет, Жаңалықтар
Пост-кеңестік елдер лидерлері Мәскеудің биылғы шеруіне қатыспайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 7 мамыр. Бұрынғы КСРО-дан тараған елдердің басшылары 2022 жылдан бері биыл бірінші рет Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатыспайтын болып отыр. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

ТМД, ЕАЭО және ҰҚШҰ әскери блогына кіретін бұрынғы кеңестік республикалар басшылары Мәскеудегі Қызыл алаңда 2026 жылғы 9 мамырда өтетін Жеңіс парадына қатыса алмайтындарын мәлімдеді.

Бұрынғы КСРО елдері атынан тек жалғыз Беларусь президенті Александр Лукашенка ғана шеруден қалмайды.

Ал қалғандары түгел Кремльдің шақыруын тәрк етіп отыр. Атап айтқанда, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ үш жыл қатарынан (2023-25 жж.) шерулерге қатысқан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бұл жолы Мәскеуге қарай құстай ұшпайтын болды. Меймандар арасынан Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов те табылмайды. Екеуі де соңғы үш жылдағы шерулерге арнайы келген.

2023 және 2025 жылдардағы шерулерге қатысқан, бірақ 2024 жылы болмаған Армения премьер-министрі Никол Пашинян биыл да Ресейге барудан бас тартты. Соңғы рет мұндай шараға бұдан 11 жыл бұрын келген Әзербайжан презмденті Ильхам Әлиев биыл да Мавзолей қабырғасында тұрмайды.

Шеруде бұрынғы КСРО елдері көшбасшыларының саны 2022 жылдан бері ең аз болғалы тұр. Содан кейін Путинге бірде-бір шетелдік мемлекет басшысы келген жоқ, ол шеру колонналарын жалғыз өзі қарсы алды.

Кремльдің хабарлауынша, Путиннің көңілін 7 шетелдік қонақ аулайды, олардың тек төртеуі ғана халықаралық деңгейде танылған мемлекеттерден келеді. Олардың қатарыннда Лукашенкадан бөлек, Лаос жетекшісі, Словакия премьер-Министрі және Малайзия королі бар. Сондай-ақ, Мәскеу Сербия президенті мен өздерін-өзі жариялаған суайт құрылымдар – Абхазия мен Оңтүстік Осетия басшыларын күтеді.

Шеру-2026 Мәскеуде 19 жылдан бері алғаш рет әскери техникасыз өткізіледі. Танктер мен зымыран кешендерінің орнына Қызыл алаңан шеру колонналары өтеді.

Таңбалар: парадпосткеңестік елдерРесей

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist