25 Тамыз, 10:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пашинян Астанада өтетін Еуразиялық форумға қатыспайтынын айтты

11 Мамыр 2026 23:08
- Дәулет, Жаңалықтар
Пашинян Астанада өтетін Еуразиялық форумға қатыспайтынын айтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЕРЕВАН. 11 мамыр. Армения премьер-министрі Никол Пашинян мамыр айының соңында Астанада өткелі тұрған Еуразия экономикалық одағы саммитіне қатыса алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы News.am ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Пашинян Путиннің Арменияның Украинаға арнаған сценарийі туралы мәлімдемесіне жауап бергеннен кейін ЕАЭО саммитіне барудан бас тартты.

Хайастан премьер-министрі Никол Пашинян 28-29 мамырда Астанада өтетін ЕАЭО саммитіне өзінің орынбасары Мгер Григорянды жібереді.

«Мен бұл туралы Ресей президентіне сәуір айында Ресей Федерациясына сапары кезінде айттым. Мен сондай-ақ Қазақстан президентіне өз шешімім жөнінде хабардар еттім», – деді Пашинянның өзі дүйсенбіде.

Армения премьер-министрі 7 маусымда өтетін парламент сайлауы алдындағы науқанға және 28 мамырда жоспарланған әскери шеруге байланысты саммитке қатыса алмайтынын түсіндірді.

Бұдан екі күн алдын, Мәскеуде, армян премьері қатыспай қалған Жеңіс парады өткеннен кейін, диктатор Владимир Путин бұлайша РФ-дан біртіндеп «шеттеп қала беруші» республикаларға қатысты қатқыл мәлімдеме жасаған еді. Ол Ереванға Еуразиялық экономикалық одақтан шығып, Еуропа одағына қосылу үшін референдум өткізуге тура келетінін айтқан болатын.

Путин «тек сондай жағдайда ғана екі елдің «бір-бірімен жұмсақ, зайырлы және екі жаққа тиімді қалыпты ажыраса алатынын» атап көрсетіп, Еуропа одағына үнсіз өтіп кетпек болған Украинаның қазіргі тағдырын еске салып өтті.

Осыдан кейін Пашинян журналистерге дәл қазір Арменияның ЕАЭО-на мүшеліктен шығып кету үшін референдум өткізудің қажеттілігі жоқ екенін, ондай плебисцит жүргізу мәселесі жөнінде сөз болуы мүмкін емес екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Ереван ондай қадамға объективті қажеттілік туғанда да ғана барады. Қазір ондай ситуация жоқ. Қоғам қарсы емес. Халық көңілі толмаушылық көрсетіп отырған жоқ.

«Біз ЕАЭО-дағы әріптестеріміздің бәріне, сондай-ақ біздің сол Одаққа қатысуымызға құрметпен қараймыз», – деді Пашинян.

Премьер бұған қоса, Путиннің аузымен айтылған «ажырасу» лексемасына қатысты да өзінің келіспейтінін білдірді.

«Біз мемлекетаралық қатынастарды үйленумен шатастырамыз. Армения мемлекетаралық қатынастарда мемлекетаралық логиканы басшылыққа алады. Біз-ЕАЭО-ның толыққанды мүшесіміз. Біз ЕАЭО-ға мүше болған кезде біз барлық шешімдерді қабылдауға толық қатысамыз», – деді ол.

Пашинян бұған Арменияда Ресейдің мүдделеріне залал келтіру мақсаты болмағанын және болмайтынын, өзінің Путинмен қарым-қатынасы өзара сенімге негізделгенін қосты. «Екі көшбасшы да өткір мәселелерді дәлелдер мен фактілер негізінде байсалды сыйластық пен достық рәуіш қалпында талқылайды», деп атап өтті премьер-министр.

Таңбалар: ЕАЭОНикол Пашинянсаммит

Ұқсас мақалалар

Тоқаев Пашинянды Армения премьері болып қайта сайлануымен құттықтады
Жаңалықтар

Тоқаев Пашинянды Армения премьері болып қайта сайлануымен құттықтады

04.08.2026
Парасат парқындағы Пашинян
Көзқарас

Парасат парқындағы Пашинян

02.08.2026
Армения премьер-министрі аяқ астынан неге Мәскеуге сапар бастады?
Жаңалықтар

Армения премьер-министрі аяқ астынан неге Мәскеуге сапар бастады?

07.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist