ЕРЕВАН. 19 мамыр. Армения премьер-министрі Никол Пашинян тағы да отандастарының есіне Қарабақтың ешқашан армяндар жері болмағанын салды. Бұл туралы Minval.az ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Хайастан (Армения) премьер-министрі Никол Пашинян армян қоғамына «уақытша аялдау психологиясынан» бас тартып, елді түпкілікті отан ретінде қабылдау қажет екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, сырттан отан іздеу үдерісі аяқталған. «Біз өз отанымызды таптық, ол – Армения Республикасы» деді Пашинян.
«Егер біздің санамызда Ванға, Мушқа, Қарабаққа, Нахчыванға оралу қажеттілігі туралы ой үнемі тұратын болса, біз өз елімізді уақытша аялдай тұратын өткелек секілді етіп қабылдай бастаймыз», – деді ол сосын.
Пашинян сондай-ақ мұндай қондырғы елді «өткел бекетіне» айналдырып, адамдарды қауіпсіздік пен тұрақтылық сезімінен айыратынын атап өтті. Үкімет басшысы Қарабақта қалған армяндарға да сөз арнап, оларды Арменияға қоныс аударуға және оны өмірдің соңғы мекені ретінде қабылдауға шақырды.
USD




