11 Шілде, 22:07
RAST.kz
USD USD 464.71 ₸
EUR EUR 531.26 ₸
RUB RUB 6.05 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ӨМІРДІҢ ӨЗІ – ӨНЕГЕ

Үшінші топтама

27 Мамыр 2023 15:16
- Тіршілік
ӨМІРДІҢ ӨЗІ – ӨНЕГЕ
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Публицист, жазушы Бейсенбай Сүлейменовтің «Сырлы әлем» кітабынан үзінді естеліктер жариялауды жалғастырып отырмыз.

ДӘУІРХАННЫҢ ЖОҚТЫҒЫ-АЙ!

Сонау Кеңес Одағы кезінде еңбек демалысына шыққан әрбір еңбек адамы Кавказ тауларының бөктеріне, Қара теңіздің жағалауына орналасқан шипажайларға барып дем алатын.

Менің әкем Жолдасбек Сүлейменов кезекті демалысын Кисловодскде өткізбек болып, жолға дайындалады. Соңғы жылдары денсаулығы сыр бере бастаған соң, дәрігерлер жалғыз жүрмеуге кеңес береді. Қасына бөлімше басқарушыларының бірін ертіп алып, сапарға шығады.

Қырымның жылауық аспаны жаңбырды құяды да тұрады. Үш-төрт күннен кейін әбден зеріккен әкем серігін ертіп алып, Мәскеуге жол тартады. Ойы – сол маңдағы шипажайлардың бірінде дем алу.

Алыс сапарға  шығып көрмеген бөлімше басқарушысы өздері еңбек ететін «Қоғалы» совхозына, «Ташкент көрген» Дәуірханға жеделхат салады. Тездетіп Мәскеуге келуін өтінеді. Ол кезде қонақ үйге орналасу, ұшақ, пойыздарға билет алу мүмкін емес-тін. Ал Жолдекеңнің мінезі шатақтау.

Әлгі бөлімше басқарушысының Дәуірханды шақырған себебі: ол мұндай жұмыстарға пысық. Еті тірі. Кез-келген адаммен тіл табысып, барлық мәселені лезде шешіп жүретін шеберлігі бар болатын. Оның үстіне, Дәуірханның балалары Мәскеуде институтта оқитын. Анау-мынауды сылтауратып, перзенттеріне жиі келіп тұратыны содан еді. «Қоғалы» совхозының мал фермалары Қызылқұмның қойнауының алыс жерлеріне орналасқан да, Шардараға, одан Ташкент шаһарына АН-2 ұшағы қатынайтын.

Кеңшілік заман. Бас-аяғы 7-8 сағаттың ішінде Мәскеуге келіп, жұмыстарын бітіріп, ертеңгі рейспен ауылға қайта оралуға болатын кез. Ал аяқ  астынан совхоз директоры іздесе, «Шопандарды аралап кетті, келіп қалар», – деп сылтау айтып, бөлімшедегі мамандар орнын жоқтатпайтын. Олардың осындай қулығын шаруашылық басшысы білсе де, білмегендей жүре беретін. Өйткені, Дәуірханның іскерлігі, адамгершілігі, еркелігі өзіне жарасып тұратын.

Екі саяхатшы пойызбен Мәскеуге де жетеді. «Россия» қонақ үйіне келеді. Орын жоқ. Бөлімше басқарушысы Жолдекеңе: «Орын қазір болады. Жақындап қалды», – деп алдандыра тұрады. Бірақ күткен Дәуірханы әлі келіп үлгермеген еді. Сағатына жалтақ-жалтақ қарап, қонақ үйдің алдын торумен жүреді.

Жолдекең әбден шаршайды. Бір кезде ашуланып, бұлқан-талқан болады. Темекісін тұтатып, есік алдында ерсілі-қарсылы жүреді де қояды.

Әбден шыдамы таусылған Жолдекең:

– Шіркін, Дәуірхан да  келе қалмайды осындайда. Әшейінде қайда барсаң да, аяғыңа оралып, алдыңнан шығатын, – дейді.

Сол мезетке әрең үлгерген Дәукең бұрыштан шыға келе:

– Жолдеке, мен мұндамын ғой! – деп қолын соза ұмтылады.

–Ух, сенің келгенің қандай жақсы болды! Мына бала…

Жолдекеңнің көңілі сонда ғана жайланады.

 

«СІЗ ҺӘМ ДЕМАЛЫҢЫЗ, СОВХОЗ ҺӘМ ДЕМАЛАДЫ»

Жолдекең бір айлық демалыстан соң жұмысқа шығады. Ең алдымен  директордың міндетін атқарып қалған бас зоотехникті шақырып, әңгімелеседі. Бұл кісі де Өзбекстанда ұзақ жылдар шаруашылық басқарған. Бірақ оның сөзіне ешкім құлақ аспайды екен. Ал «Қоғалы» қаракөл-қой совхозы жаңадан ұйымдастырылған, көп салалы шаруашылық-тын. Мал жайылымдары да шалғай, жұмысшылары да жан-жақтан жиналған, қырық ұру. Тек Жолдекеңнің қаталдығының арқасында ғана жұмыс ілгері жүріп, миллионер шаруашылық атанған.

– Қалдарың қалай болып жатыр? – дейді совхоз директоры.

– Оның несін сұрайсыз, Жолдеке. Сіз һәм демалдыңыз, совхоз һәм демалды. Ең болмаса, үлкен портретіңізді орталық көшедегі бағаналардың біріне іліп кетпепсіз,  – депті бас зоотехник әбден күйіп кетіп.

Таңбалар: жолдасбек сүлейменовМәскеумейманхана

Ұқсас мақалалар

Мәскеу мұнай өңдеу зауытына Ресей әуе қорғанысының өзі шабуыл жасаған
Жаңалықтар

Мәскеу мұнай өңдеу зауытына Ресей әуе қорғанысының өзі шабуыл жасаған

19.06.2026
Путин Мәскеуге жасалған жойқын дрондар шабуылын елемегендей түр танытты
Жаңалықтар

Путин Мәскеуге жасалған жойқын дрондар шабуылын елемегендей түр танытты

19.06.2026
Украин дрондары бүгін Мәскеуге шабуылдап, шаһардың шат-шәлекейін шығарды
Жаңалықтар

Украин дрондары бүгін Мәскеуге шабуылдап, шаһардың шат-шәлекейін шығарды

19.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

    Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

  • Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 464.71 ₸
EUR EUR 531.26 ₸
RUB RUB 6.05 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist