25 Тамыз, 06:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Немцовтың қарақшылар қолынан қаза тапқанына 11 жыл болды

27 Ақпан 2026 20:31
- Жаңалықтар, Құқық
Немцовтың қарақшылар қолынан қаза тапқанына 11 жыл болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРЮССЕЛЬ. 27 ақпан. Еуропа кеңесі ресейлік белгілі саясаткер Борис Немцовтың саяси себеппен өлтірілгеніне 11 жыл толғанын атап өтті. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Еуропа кеңесі Борис Немцов «қазіргі заманғы гүлденген және демократиялы Ресей үшін күресіп, өзінің соңында маңызды саяси мұра қалдырды» деп мәлімдеді. ЕК елшілері оның өлімі орын алған жерге гүл шоқтарын қойды.

Ресейде адам құқығын қорғау жағдайы Мәскеуде ресейлік оппозиция лидерлерінің бірі – Борис Немцовтың 2015 жылғы 27 ақпанда зұлымдықпен өлтірілуінен кейінгі уақытта тек нашарлай берді.

«Оның билік жалдамалы қарақшылар қолынан қаза табуымен бірге Ресейде азаматтық қоғамға, тәуелсіз мәтбұғатқа, саяси оппозиция мен бөгде ойлы тұлғаларға қатысты репрессия күшейе түсті», – деп атап өтті Брюссельдегілер.

Өз өмірінің соңғы күндері Борис Немцов Ресейдің Украинаға қарсы бастаған басқыншылық соғысын айыптады. «Содан бері Мәскеу тарапынан агрессия тек күшейіп келеді және ол енді басып кірудің кең ауқымды сипатына ие болды. Қазір Украина тұрғындары Ресейдің жантүршіктірерлік айуандықтарын күн сайын көріп отыр», – деп атап көрсетті Еуропа сыртқы саясат қызметіндегілер.

Осы ретте Еуропа одағы 2024 жылы Ресейге адам құқығы бұзатыны үшін де санкция салған болатын. Осы шектеу режимінің шеңберінде 62 жеке тұлға мен 1 заңды тұлғаға қатысты шектеу шарасы енгізілді. Олар азаматтық қоғам мен демократиялық оппозицияға қарсы істеген қуғын-сүргіндері үшін жауыпты болып шықты.

RusNew telegram-арнасы хабарлағандай, саясаткер атып өлтірілген жерге Германия, Ұлыбритания, Франция, Чехия, Нидерланд, Литва, Польша, Латвия, Эстония, Испания және АҚШ мемлекеттерінің елшілері мен басқа елдердің дипломатиялық өкілдері келіп, гүл шоқтарын қойған.

Дипломаттар гүл дестелерін қойып жатқан шақта полиция қызметкері келіп, дауыс күшейткішпен жиналғандарды тарап кетуге шақырған.

2017 жылы шілдеде Мәскеу әскери округтік соты саясаткерді өлтірді деген айыппен Заур Дадаев, Анзор және Шадида Гуюашевтер, Темирлан Эскерханов пен Хамзат Бахаев есімді шешен азаматтарын соттады. Олар 11 жылдан 20 жылға дейінгі аралықта жаза арқалады. Бірақ бұл қылмысты ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілер әлі күнге дейін анықталған жоқ.

Таңбалар: Борис НемцовөлімРесей

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist