19 Қазан, 01:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нәлібаевтың Алматыға сапары көпшіліктің көңілінен шығып жатыр

18 Мамыр 2026 21:00
- Аймақ, Жаңалықтар
Нәлібаевтың Алматыға сапары көпшіліктің көңілінен шығып жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 18 мамыр. Мемлекет басшысының жарлығымен жақында бірінші вице-премьер болып тағайындалған Нұрлыбек Нәлібаев жаңа қызметтегі алғашқы жұмыс сапарын Алматы қаласынан бастады. Бұл туралы «Уақыт.kz» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары әуелі Алматы халықаралық әуежайына ат басын бұрып, ондағы инфрақұрылымды дамыту жобаларымен танысты. Мұнда жаңа жүк тұрақтарын, ұшақтарды мұздан тазарту алаңын, ішкі рейстер терминалын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.

«Алдағы бес жылда бұл бағытқа 360 млн доллар инвестиция салынбақ», – делінген хабарламада.

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда аэропортта керуен керген құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасы бірінші вице-премьердің көңілінен шықпады. Осыған байланысты өзі байқаған кемшіліктерді атап өткен Нұрлыбек Машбекұлы тым ұзаққа созылып кеткен бұл жұмыстарды шілде айының 1-не дейін толық аяқтауды талап етті. Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары қала келбетіне кері әсер етіп, жолаушыларға қолайсыздық туғызып отыр. Сонымен қатар бірінші вице-премьер жақында халықаралық терминалды нөсер суы басқан оқиғаға да тоқталды. Ол жаңғыртудағы басты талап сапа болуы керек екенін айтты.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары бұдан кейін Бірінші Алматы станциясы темір жол вокзалын, айналма жолды, жылу электр орталықтары мен туристік кластерлерді аралап шықты. Осы арқылы Үкіметтің ендігі басты талабы «жобаны бастау емес, уақытында әрі сапалы аяқтау» екеніне салмақ салды.

Соңғы жылдары Алматы әуежайы Орталық Азиядағы ең қарқынды дамып келе жатқан авиациялық хабтардың біріне айналды. Жаңа терминал іске қосылып, жолаушылар ағыны бірнеше есеге артты. Бірақ дәл осындай маңызды кезеңде құрылыс жұмыстарының созылып кетуі, жаңбырдан терминалды су басуы қоғамның орынды наразылығын туғызды.

Сапар барысында көтерілген тағы бір маңызды мәселе – Қазақстан темір жолы жүргізіп жатқан вокзалдарды жаңғырту жұмыстары. Бір мезетте 121 вокзалды жөндеу – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Бірақ Алматы-1 вокзалындағы баяу қарқын көңіл көншітпейді. Күніне мыңдаған адам қатынайтын нысандағы ұзаққа созылған құрылыс – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін жайт. Сондықтан бірінші вице-премьердің бұл бағыттағы сыны тек ескерту емес, нақты нәтиже талап ететін Үкімет позициясы деп бағалануы керек.

Ал Үлкен Алматы айналма автожолы мен радиалды жолдарға қатысты тапсырмалар – мегаполистегі көлік кептелісін азайтуға бағытталған стратегиялық шешімдердің жалғасы. Алматы бүгінде көлік жүктемесі ең жоғары қалалардың бірі. Сондықтан айналма жолдардың уақытында аяқталуы тек логистика үшін емес, экология мен халықтың өмір сапасы үшін де маңызды.

Сапардың ең маңызды бөлігі – энергетикалық нысандардағы жұмыстар болды деуге негіз бар. Себебі соңғы жылдары елімізде жылу электр орталықтарының тозуы үлкен мәселе ретінде жиі көтеріліп келеді. Осы тұрғыда Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті жаңғырту – тек қала үшін емес, бүкіл энергетика саласы үшін стратегиялық жоба. Әсіресе ЖЭО-2-ні газға көшірудің маңызы өте зор. Бұл біріншіден, мегаполистегі экологиялық ахуалды жақсартады. Екіншіден, энергия тапшылығының алдын алады. Үшіншіден, Алматының болашақтағы тұрақты дамуына негіз қалайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 55 пайызға аяқталуы – жобаның нақты іске асып жатқанын көрсетеді. Бірақ мұндай ауқымды жобаларда уақыт пен сапа қатар жүруі керек екенін Үкімет тағы да ескертті.

Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларына назар аударылуы да кездейсоқ емес. Бұл бастамалар Алматыны тек қаржы және бизнес орталығы емес, халықаралық туризмнің жаңа нүктесіне айналдыруға бағытталған. Егер жоба толық жүзеге асса, Алматы Орталық Азиядағы ірі тау туризмі орталығы болуға мүмкіндік алады.

Жаңа бірінші вице-премьердің сапар барысындағы батыл әрекеттері мен шешімді пәрмендері, істің көзін дәл тауып, дұрыс тапсырмалар беріп жатқаны, соның ішінде барлық жерде әңгімені таза қазақ тілінде жүргізуі Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушыларды айрықша риза етті. Олар сондықтан іске біліктілікпен кірісіп кеткен лауазымды тұлғаға шынайы алғыс сезімін білдірумен бірге, ел игілігі жолындағы қызметте табысқа жете беруге тілектестік білдірді.

Таңбалар: Алматы сапарыәуежайНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты
Әлеумет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты

10.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

08.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist