25 Тамыз, 19:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Министрліктен кеткен Асхат Аймағамбетов қайда баратынын айтты (видео)

5 Ақпан 2023 20:20
- Жаңалықтар, Қайнар
Министрліктен кеткен Асхат Аймағамбетов қайда баратынын айтты (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 5 ақпан. Білім саласының экс-министрі Асхат Аймағамбетов енді қайда барғалы жатқанын телеарнада берген сұхбатында мәлім етті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Қазақстан» телеарнасында журналист Нартай Аралбайұлымен жүргізілген сұхбатында лауазымды қызметтен кеткеннен кейін не істеп жүргенін баяндап өтті.

«Қазір мен үйдемін. Қолым бос. Негізі, таңертең балаларымды мектепке, балабақшаға апарып, алып қайтамын. Үйде тұрмыстық шаруалар көбейіп қалыпты. Одан бөлек, кітап оқып жатырмын. Кітап оқуға уақыт пайда болды», – деді Асхат Аймағамбетұлы.

Ол өзінің орнына тағайындалған жаңа министр Ғани Бейсенбаевты бұл қызметке ұсынбағанын айтты.

«Оны кезінде өзім шақырып алып, бір мекеменің басшысы етіп өзім тағайындадым. Жаңа министрдің жұмысына Президент және халық баға береді. 4 қаңтар, жұмыстан кететін күні қарамағымдағы қызметкерлермен жиналыс өткізіп, тапсырма бердім. Бірақ түсте «қызметімнен босатылғаным» туралы ақпарат келді. Сол кезде заттарымды жинап, кабинетімнен кеттім. Қызметімнен кететінімді сол күні түсте бір-ақ білдім. Оған дейін білген жоқпын. Министр – саяси қызмет. Саяси қызметті тағайындау да, қызметтен босату да тез. Сондықтан саяси қызметкерлер осындай шешімге дайын болуы керек. Себебі, министрлер өмірбақи бір орнында отыра бермейді», – деді экс-министр.

Сұхбат барысында Асхат Қанатұлы енді қайда және қандай қызметке барғалы жатқанын да жасырмай айтты.

«Қазір мен жоғары оқу орындарының бірінде оқытушы болып жұмыс істеуге дайындалып жатырмын. Бұған дейін басқа да жоспарлар болды. Бірақ мен ұстаздықты таңдадым. Себебі, бұл маған қызықты. Кезінде ұстаз болып жұмыс істегендіктен, осы сала әрқашан жүрегіме жылы, жақын болып тұрады», – деді ол.

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов 1982 жылы 14 маусымда Қарағанды облысының Шет ауданында туған. 2003 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – тарих пәнінің мұғалімі. 2019-2022 жылдары Білім және ғылым министрі, 2022-2023 жылдары Оқу-ағарту министрі болып қызмет атқарды. Ол осы қызметтерде өзін өте жақсы қырынан көрсетіп, республика халқының басым бөлігінің ықылас-құрметіне бөленді, тарихта саланың ең озық министрлерінің бірі ретінде аты қалды.

Шамасы, «Жаңа Қазақстанға» елдің көңілінен табылған мықты министрлердің керегі жоқ болса керек.

Таңбалар: Асхат Аймағамбетовжаңа қызметсұхбат

Ұқсас мақалалар

Пугачева: Отанының дұрыс емес жерін айту – патриоттық (видео)
Жаңалықтар

Пугачева: Отанының дұрыс емес жерін айту – патриоттық (видео)

10.09.2025
ТЕРЕҢ САЯСИ САРАПТАМАҒА ТОЛЫ СҰХБАТ
Көзқарас

ТЕРЕҢ САЯСИ САРАПТАМАҒА ТОЛЫ СҰХБАТ

09.01.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту

03.01.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist