18 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пугачева: Отанының дұрыс емес жерін айту – патриоттық (видео)

Примадонна соғыс басталғалы бірінші рет сұхбат берді

10 Қыркүйек 2025 18:37
- Жаңалықтар, Таным
Пугачева: Отанының дұрыс емес жерін айту – патриоттық (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

РИГА. 10 қыркүйек. Ресейдің аты әлемге танымал эстрада жұлдызы Алла Пугачева Отанның дұрыс емес жерін көрсету оны сүймейтінді білдірмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы BBC ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресейдің атақты әншілерінің бірі Алла Пугачева журналист Катерина Гордееваға елден кеткеннен кейінгі алғашқы маңызды сұхбатын берді*. Оның негізгі тақырыбы: соғыс басталғаннан кейін көп ұзамай Ресейден кету және оның болып жатқан барлық нәрсеге көзқарасы болды. Алайда 3,5 сағаттан астам уақытқа созылған сұхбат барысында Пугачева өзінің жақындары, әртүрлі уақыттың саясаткерлері, күйеулері және өзімен қарым-қатынастағы адамдар туралы әңгімеледі. Оның әндері және өзін өмір бойы құрмет тұтқан және жек көрген кісілердің бәріне не қалдырғысы келетіні сөз етілді.

Пугачева мұндай көлемді сұхбатты 2017 жылы тек актер Олег Меньшиковке (бұдан бұрын 2012 жылы Владимир Познерге) берген еді. Сол жолы олар негізінен сахнада және оның сыртында болып жататын жайттар жайлы айтып, тыңдады.

Оның Катерина Гордеевамен әңгімесінің интонациясы мүлде басқаша шықты.

Алла Пугачева мен оның күйеуі Максим Галкин Украинаға қарсы соғыс ашқанынан кейін Ресейді тастап кеткен (Пугачева Ресей билігінен өзін күйеуінің соңынан ерген «шетел агенті» деп тануды сұраған). 2024 жылы шілдеде Киевтегі «Охматдет» балалар ауруханасына жасалған шабуылдан соң ол: «АЛЛА сабырлы, бірақ әр нәрсенің ШЕГІ бар» деп жазды.

«Бұл әңгіме адамдар үшін қажет құжат болып қалсын» деді әнші екеуара әңгіменің негізгі мазмұны мен мақсатын меңзей отырып.

Пугачева елден кету жөніндегі шешімнің біртіндеп қабылданғанын айтты.

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Кириенко одан өзімен сөйлесуді сұрап, онша алаңдай бермеуге шақырған. Пугачева тіпті оған сенгенін және осы әңгімеден екі күннен кейін Галкин «шетел агенті» деп танылғанын алға тартады.

Балалары мектепке барған, ал сыныптастары Анатолий Рыбаковтың 1930 жылдардағы қуғын-сүргін туралы «Арбат балалары» деген тамаша романынан үзінді келтіре отырып: «Шпионның балалары» деп айқайлай бастайды.

Пугачева: «Ар деген ұғым бар, ол атақ-даңқтан да, сән-салтанаттан да қымбат, дүниедегі барлық нәрседен де қымбат», – дейді. Ол және Отанға оның дұрыс емес әрекетін бетке басып айтудың патриотизм белгісі екенін білдіреді.

Әрине, бұл сұхбаттың үлкен бөлігі Алла Пугачеваның сахна және өзі туралы естеліктерінен құралды. Ол саладағы әріптестері туралы да сөз қозғайды. Соның ішінде Татьяна Булановаға қашаннан ықыласы ауғанын баяндайды, өзінің Манижаны сүйетіні, Надежда Кадышеваның ренессансы туралы айтады.

Тек орындаушы Шаман ғана жылы сөз ала қойған жоқ, онда да бұл музыкаға немесе талантқа қатысты болған жоқ, оның жеке қасиеттеріне байланысты ғана айтылды.

«Құдай-ау, өзімді Примадонна деушілікті қаншалықты жек көрем мен. «Примадонна» – бұл әннің аты, – деді Пугачева. – Мен – ән салатын әйелмін».

Енді мұның өзі де әннің атауы.

Пугачева тіпті бір кезде Путиннің фанаты болып, оны қолдағанын да жайып салды. «Ол ғаламат сөйлейтін, керекті нәрселерді айтатын. Тіпті Украина туралы да. Жалпы, ол мен нені ойлап жүрсем, соны айтушы еді. Бірақ «Курск» сүңгуір кемесінің апатынан кейін бұл өзгерді», – деді әнші.

Сұхбаттың соңында Пугачева бірнеше рет көз жасына ерік беріп, жан-жақта жүрген жанкүйерлеріне арнап сөз айтты.

Ол жанкүйерлеріне өзіне деген жақсмы қарым-қатынас бақыты мен сүйіспеншіліктері үшін, олардың әлі де өзін қолдап келе жатқандары үшін рахмет айтты.

Сонымен бірге әнші «олардың қалайша бүйтіп өмір сүріп жүргендері» жаға ұстатынын да ашып айтты. Тарихты білмейді, бірақ оны мақтан етеді, медицинаның ахуалын білмейді, бірақ денсаулық сақтау саласын мақтан тұтады.

«Жақсылыққа, мейірімділікке, әдемілікке ұмтылуды үйрен. Ештеңені құртуға болмайды, біз жасауымыз керек. «Біз соғыстың дәмі емес, бейбітшілік үшін дұға етуіміз керек» деді ол. Бірақ сөзін мысқылмен аяқтап, бір кеңестік ләтипаны айтып өтті. Құқық қорғаушылар бірнеше адамды жинап алып, оларға таңертең дарға асылып өлу үшін Қызыл алаңға келуге пәрмен береді. Сол кезде олардың арасынан бір адам ғана жендеттерге сұрақ қойыпты. Ол сонда «асылатын жіпті үйден өзіміз ала келеміз бе, әлде сол жерде таратылып беріле ме» дегенге ұқсайды.

*Әділет министрлігі Катерина Гордеева мен Максим Галкинді шетелдік агент деп таныды

Таңбалар: Алла ПугачевасоғыссұхбатУкраина

Ұқсас мақалалар

Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!
Жаңалықтар

Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

16.10.2026
Анна Политковкая: Путин адамдардың құқығы бар екенін түсінбейді (видео)
Жаңалықтар

Анна Политковкая: Путин адамдардың құқығы бар екенін түсінбейді (видео)

07.10.2026
Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  
Жаңалықтар

Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  

12.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist