26 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Месси футболдан әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік мерген шабуылшы атанды

23 Маусым 2026 11:57
- Жаңалықтар, Сайыс
Месси футболдан әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік мерген шабуылшы атанды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АРЛИНГТОН. 23 маусым. Аргентина құрамасының шабуылшысы әрі команда капитаны Лионель Месси футболдан әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік мерген шабуылшы атағына қол жеткізді. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Маусымның 22-сі күні түнде Американың Даллас штатындағы Арлингтон қаласының стадионында Аустрия құрамасымен топтық турнирдің 2-турында кездескен Аргентина 2:0 есебімен жеңіске жетіп, 6 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды. Осы матчтағы екі голды да Месси өз есебіне жазды. Ол 38 және 90+5 минуттарда мергендігімен көзге түсіп, әлем чемпионаттарында соққан голдарының санын 18-ге апарды. Сөйтіп, ГФР құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клозеден басып озды. Неміс форвардының бұған дейінгі көрсеткіші 16 доп болатын.

Аргентина – Аустрия арасындағы матчтың 38 минутында 38 жастағы Месси қақпа алаңының сыртында тұрып ұрған добын, қорғаныс бойында қаншама ойыншылардың тұрғанына қарамастан, дарбаза торының дүңгіршегінен бір-ақ шығарды. Осылайша ол өзінің алғашқы рекордын тіркеді. Ал ойынның негізгі уақытына қосылған 5-ші минутта тағы бір доп салып үлгерген ол енді өз рекордын өзі жаңартып жіберді.

Дегенмен, Лионельдің бұл рекордын осы чемпионаттың өзінде-ақ өзгерте алатын тағы бір футболшы бар. Ол – Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе. Француз осы кезге дейінгі әлем чемпионатында 14 гол салып қойған. Оның да екеуін осы мундиалда соқты. Демек, аталмыш екі форвард арасында осы жолы көзбе-көз бәсеке орын алып қалуы да ықтимал.

Айтқандай, аталмыш матч аяқталмай жатып-ақ, 48 жастағы Мирослав Клозе өзінің аргентиналық әріптесін рекордтарымен құттықтап қойды. «Мен қашаннан Месси жаман ойыншы емес деп айтып жүруші едім, – деді Клозе алманның Süddeutsche Zeitung газетіне берген сұхбатында. – Мен үшін Лионель Месси – барлық уақыттардың үздік футболшысы. Құттықтаймын, чемпион!»

Бұған дейін Аргентина және Аустрия құрамалары бір-ақ рет бір-бірімен кездескен екен. 1990 жылы ойналған сол жолдастық кездесу тең аяқталыпты.

Таңбалар: әлем чемпионатылионель мессирекорд

Ұқсас мақалалар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026
Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)
Жаңалықтар

Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)

19.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist