5 Қыркүйек, 14:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мемлекеттік хатшы өкілеттігіне енген өзгерістер қандай?

4 Ақпан 2022 08:15
- Жаңалықтар, Қоғам
Мемлекеттік хатшы өкілеттігіне енген өзгерістер қандай?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 4 ақпан. Бұдан он күндей уақыт алдын Мемлекет басшысы мемлекеттік хатшының өкілеттігіне айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Ол қандай өзгерістер? Біз бүгін бірқатар оқырмандарымыздың сұрауларына орай осы өзгерістерді атап өткенді жөн көрдік.

Нақтылай айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 25 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізген болатын

Онда лауазым иесінің бұрыннан бар қызметтерінен бөлек оның қатарына тағы мынандай міндеттер жүктеді:

  • Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саяси партиялармен қарым-қатынаста Президенттің мүддесін көздейді;
  • саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
  • Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;
  • «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау бойынша жұмысты үйлестіреді.

Сонымен қатар мемлекеттік хатшы мына қызметтерді атқарады:

1) Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі саясат саласындағы стратегиялық ұсыныстарды әзірлейді;

2) Мемлекет басшысының атынан Мемлекет басшысының мүддесін қорғайды:

  • Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста;

халықаралық қатынастарда;

3) мына қызметтерді үйлестіреді:

  • әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері бойынша жұмыстарды: білім, ғылым, мәдениет және спорт;
  • Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысын;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың, Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссиялардың, Азаматтық комиссиялардың жұмысын;
  • Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік Бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның жұмысын;
  • Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия жұмысын;
  • Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия жұмысын;
  • Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия жұмысын;
  • Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия жұмысын;
  • Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия жұмысын;
  • Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысын;
  • Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі және жастар саясаты жөніндегі кеңес жұмысын.

4) қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы 5 қаңтарда Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалған болатын.

Таңбалар: Ерлан Қаринмемлекеттік хатшы өзгерістер

Ұқсас мақалалар

Құрылтай Қариннің – Вице-президент, Бектеновтің Премьер-министр болуларын қолдады
Жаңалықтар

Құрылтай Қариннің – Вице-президент, Бектеновтің Премьер-министр болуларын қолдады

31.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist