25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды

31 Шілде 2023 21:22
- Әлеумет, Жаңалықтар
Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 31 шілде. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының сайлау алды бағдарламасын іс жүзіне асырудың барысын талқылаған жиын өткізді. Бұл туралы облыстық қоғамдық даму басқармасының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Айта кетуіміз керек, бүгін, 31 шілде күні Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалық етуімен Президенттің сайлау алды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың отырысы болып өткен еді. Онда тиісті министрлер мен облыстар әкімдері студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы мәселесін шешу, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

Штаб отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шұғыл мәжіліс өткізіп, онда Үкімет отырысында сөз болған мәселелерді алға тартты. Осыған орай жауапты сала басшыларына нақтылы тапсырмалар берді.

«Бүгінгі республикалық штаб отырысында Үкімет басшысы студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. 2022-2023 оқу жылында облыстағы жоғары оқу орындарында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36 238 студент білім алды. Оның ішінде 5 793 студент жатақханамен қамтылған. Аймақтың 30 колледжіндегі 20 672 студенттің 3646-сына жатақхана берілген. Облыс орталығы мен аудандардағы колледждер жатақханаларында орын тапшылығы мәселесі болмауы тиіс. Жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, колледждердегі жатақхана қажеттілігі мәселесін жедел шешу үшін шара қабылдаңыздар», – деді облыс әкімі.

Жаңа оқу жылында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне шетелдік студенттердің қабылдануы, студенттер санының өсуіне орай жатақханаларда орын тапшылығы болуы ықтимал.

Осыны ескеріп, жаңа оқу жылы басталғанға дейін мәселені жедел шешу жүктелді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, жаңа жатақханалар салу мәселесін қарау қажет. Облыстық білім басқармасына Арал индустриалды-техникалық колледжінің 75 орындық жатақханасын жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беру міндеттелді. Бұдан бөлек, Қазалы аграрлы-техникалық және Қызылорда көпсалалы жоғары колледждеріне қажетті жатақхана құрылыстарын кәсіпкерлермен бірлесіп жүргізуді қолға алу тәкпір етілді.

Облыс әкімі бағдарламаны тиімді және мақсатты пайдаланып, ауыл халқының табысын арттыруда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуді тапсырды.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ

Таңбалар: Қызылорда облысыотырысҮкімет тапсырмасы

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Аймақ

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026
Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр
Аймақ

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр

07.08.2026
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті
Жаңалықтар

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті

05.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist