9 Шілде, 15:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мектептің мақтанышы, ауылдың абыройы

16 Ақпан 2026 15:04
- Аймақ, Жаңалықтар
Мектептің мақтанышы, ауылдың абыройы
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген хәкім Абайдың сөзі Гүлназ Қабақованың бүкіл саналы өмірінің бұлжымас темірқазығына айналған секілді. 1994 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіргеннен кейін Арал ауданының «Қамыстыбас» ауылындағы өзі білім алған №21 орта мектепке математика, информатика және есептеуіш техника пәнінің мұғалімі болып оралған оның сол кезде алдына қойған арманы өте көп еді. Қазір арада 31 жыл өткеннен кейін ойлап қараса, ілкі мақсат-мұраттарының денін орындаған екен.

Ең бастысы, Гүлназ Байдосқызы осыншама ұзақ уақыт ішінде шәкірттерінің санасына математиканың күрделі теңдеулері мен логиканың терең иірімдерін сіңіріп қана қоймай, сонымен бірге оларды өмірдің сан қилы белестеріне дайын болуға баулып келеді. Ұқыпты ұстаздың әрбір сабағы білімнің патшалығына жасалған сындарлы саяхатқа ұқсайды. Ол тек құрғақ формулаларды жаттатуды емес, сол сандардың артында тұрған әлемдік заңдылықтарды түсіндіруді мақсат тұтады. Оның қазір зерттеуші-педагог мәртебесіне ие болып отыруы да сан жылдардың жалында қалған осындай жемісті ұстаздық кезеңінің өтеуіне берілген лайықты баға іспеттес.

Гүлназ апайдың ұстаздық шеберлігі оның шәкірттерінің жетістігінен анық көрінеді. Оның тәрбиелеген оқушылары республикалық пән олимпиадаларының аудандық кезеңдерінде барлық жүлделі орындарды (І, ІІ, ІІІ орын) алып жүрді. Одан да озық шыққандары облыстық кезеңдерде математиканың майталмандары екендіктерін дәлелдеп, ІІ орынға қол жеткізді. Соның ішінде 11-сынып оқушыларына арналған Президенттік олимпиадада шәкірттерінің республикалық деңгейге дейін көтерілуі мектептің де, апайдың да мерейін тасытқан толағай табыс болды.

Гүлназ апайдың тағы бір оқушысы «Ұлы даланың ұлағатты ұрпақтары» атты республикалық ғылыми жобалар байқауында І орыннан көрінді. Осындай жүлгелі жетістіктері арқасында ұстаздың аты-жөні облыстың 200 жылдық тарихындағы қадірлі 200 есімнің қатарына кірді. Бұл оған аймақта көрсетілген зор құрметтің белгісі. Бұл тек диплом емес, бұл – халықтың ықыласы, мемлекет бағасы.

Гүлназ Қабақованың кеудесінде жарқыраған «Қазақстан педагогикасының қайраткері» белгісі оның білім саласындағы қажырлы еңбегінің айқын айғағы болып көрінеді. Ол сонымен қатар республикалық «Әдістеме.kz» журналы мен «Мәртебе.kz» білім порталының назарына ілігіп, «Өнегелі маман» номинациясын иеленген.

Ұстаздың жетістіктер тізімі оның тоқтаусыз даму жолында екенін көрсетеді. Оның аудандық «Таңдаулы ауыл мұғалімі» сайысында ІІІ орын, «Үздік мектеп тренері-2020» байқауында ІІ орын алуы осы тұжырымға дәлел бола алады. «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының «Жаңашыл мұғалім» аталымы мен «Үздік қысқа мерзімді жоспар-2022» байқауындағы жүлделі орындары Гүлназ апайдың әдістемелік тұрғыдан өте шебер екенін аңғартады. Ол жасаған презентациялық сабақтар мен ғылыми жобалар республикалық деңгейдегі «ZIAT» орталығы мен «Білім және ғылым» бірлестігінің жоғары бағасына ие болып, бірінші және екінші орындарды жеңіп алды. Осы тұста ол Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен де марапатталды.

Байқап тұрғанымызда, Гүлназ Қабақова бүгінде жай ғана математика пәнінің мұғалімі ғана емес, сонымен бірге өз мектебінің мақтанышы, бүкіл ауылдың абыройы деңгейіне жетіп отырған жан-жақты маман, жайсаң жан. Оның алдағы мақсаты да айқын, ол жас ұрпаққа сапалы білім беру арқылы еліміздің болашағын жарқын етуге өз үлесін қоса беру болып қала бермек. Мұндай ұстаздар барда, қазақ білімінің іргесі берік, болашағы кемел бола түсетіні ақиқат.

Жансая НҰРҚОЖА,

Қызылорда облысы,

Арал ауданы

 

Таңбалар: Арал ауданыГүлназ Қабақовамұғалім

Ұқсас мақалалар

Аралда әлеуметтік-инфрақұрылым нысандары жұмыс істеп тұр
Әлеумет

Аралда әлеуметтік-инфрақұрылым нысандары жұмыс істеп тұр

09.04.2026
Әр күні ізденіспен өтіп жатыр
Жаңалықтар

Әр күні ізденіспен өтіп жатыр

06.02.2026
Жүзінен жылылықтың самалы ескен
Жаңалықтар

Жүзінен жылылықтың самалы ескен

06.02.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist