25 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Медицина саласында үлкен серпіліс пен сілкініс бар

Пікір

17 Сәуір 2026 11:43
- Көзқарас
Соңғы үш жылда медицина саласында жемқорлық саны күрт азайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Өзіміз 40 жылдан бері осы саланың маманы болып келе жатқандықтан, тап осылай деп батыл айта аламыз.

Еліміздің денсаулық сақтау саласы соңғы жылдары жаңа белеске көтеріліп, нақты нәтижелермен толығып келеді. Бұл жетістіктердің артында білікті басқару, жүйелі жоспарлау және халыққа деген шынайы жанашырлық жатыр. Осындай игі істердің бел ортасында жүрген тұлғалардың бірі әрі бірегейі Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова болып отыр.

Жуырда Мемлекет басшысымен өткен кездесуде Ақмарал Шәріпбайқызы денсаулық сақтау саласының қазіргі жай-күйін жан-жақты баяндап беріп, қол жеткізілген жетістіктерді жайып салды. Басты мақсат халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру және өмір сапасын жақсарту болса, бұл бағытта нақты нәтижелер бар екені айқын аңғарылады.

Бүгінде Қазақстан Орталық Азия елдері арасында күтілетін өмір сүру ұзақтығы бойынша көш бастап, 75,4 жас көрсеткішіне жетті. Бұл – ел тарихындағы ең жоғары деңгей. Сонымен қатар, еліміз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұқпалы емес аурулардан болатын мерзімінен бұрын өлім-жітімді 25 пайызға төмендету мақсатына мерзімінен бұрын жеткен алғашқы мемлекеттердің бірі атанды.

Әсіресе, ана мен бала денсаулығы бағытында айтарлықтай оң өзгерістер бар. Соңғы жылдары ана өлімі 35 пайызға, ал нәресте өлімі 22 пайызға төмендеп, тарихи ең төмен деңгейге жетті. ЮНИСЕФ халықаралық ұйымы Қазақстанды жаңа туған нәрестелер өлімін азайтуда өңірлік көшбасшы ретінде бағалады. Бұл жүргізілген жүйелі реформалардың нақты нәтижесі.

Дегенмен, құрғақ статистикадан бөлек, ең маңыздысы халықтың осы өзгерістерді күнделікті өмірде сезіне бастауы. Бүгінде медициналық қызмет, әсіресе ауылдық жерлерде, бұрынғыдан әлдеқайда қолжетімді бола түсті.

Соңғы жылдары ел көлемінде медициналық инфрақұрылым кеңінен жаңартылып жатыр. Жеті жыл ішінде 1250-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынса, соның 800-ден астамы тек соңғы үш жылда пайдалануға берілді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту ұлттық жобасы аясында 655 жаңа нысан бой көтерді.

Бұрын 200-ден астам ауылда мүлде медициналық пункт болмағаны белгілі. Бүгінде бұл мәселе жүйелі түрде шешімін тауып, шамамен бір миллионға жуық ауыл тұрғыны алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігіне ие болды. Бұл  елдегі әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету жолындағы үлкен қадам.

Сонымен қатар, кадр тапшылығын азайту бағытында да нақты жұмыстар атқарылуда. Өңірлерге жас мамандар тартылып, оларға 8,5 миллион теңгеге дейін көтерме төлемдер, тұрғын үймен қамту және жеңілдетілген несиелер ұсынылуда. Нәтижесінде ауылдық жерлердегі дәрігер тапшылығы айтарлықтай төмендеп, шамамен үштен бірге дейін кеміді.

Осы ретте министр Ақмарал Әлназарованың бұл бағыттағы еңбегі тек басқарушылық қызмет емес, халықтың денсаулығына деген жауапкершілік пен адал қызметтің айқын көрінісі болып отыр. Ол жүргізіп отырған саясат пен бастамалар еліміздің әр азаматының өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Қорыта айтқанда, денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер уақытша нәтиже емес, бұл – жүйелі жұмыстардың заңды жемісі. Ал осындай игі бастамалардың жүзеге асуына тікелей мұрындық болып келе жатқан Ақмарал Шәріпбайқызы шынында шынайы құрмет мен ыстық ықыласқа әбден лайық деп есептейміз.

Аралбай МӘМБЕТЖАН,

«Майдакөл» ауылдық фельдшерлік-акушерлік пунктінің меңгерушісі,

«Құрмет» орденінің, «Стоматологияға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, Қазалы ауданының құрметті азаматы,

Қазалы ауданы,

Қызылорда облысы

Таңбалар: Ақмарал Әлназароваминистрсала серпілісі

Ұқсас мақалалар

Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті
Әлеумет

Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

20.08.2026
Министрлік наркологиялық орталықтарды қатаң бақылауда ұстайтын болады
Көзқарас

Медицинада кездейсоқ адамдарға орын болмауға тиіс

04.08.2026
Зеленський Сырскийді қызметінен босатып, Драпатыйды бас қолбасшы етіп бекітті
Жаңалықтар

Зеленський Сырскийді қызметінен босатып, Драпатыйды бас қолбасшы етіп бекітті

22.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist