8 Қыркүйек, 02:09
RAST.kz
USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Медицинада кездейсоқ адамдарға орын болмауға тиіс

4 Тамыз 2026 12:23
- Көзқарас
Министрлік наркологиялық орталықтарды қатаң бақылауда ұстайтын болады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Бүгінде біз медициналық білім беру жүйесін кезең-кезеңімен жаңғыртып келеміз. Бұл реформалардың негізгі ұстанымы – қоғамдағы «Заң және Тәртіп» қағидатына толық сәйкес келеді.

Біздің мақсатымыз – жай ғана өзгеріс енгізу емес. Ең бастысы – дәрігер даярлау жүйесін әділ, ашық және ең алдымен білімге, кәсібилікке әрі пациенттің мүддесіне негізделген жүйеге айналдыру.

Жасыратыны жоқ, ұзақ жылдар бойы медициналық білім беру саласында кейбір мәселелерді тек біліммен ғана емес, таныстықпен немесе түрлі ықпал арқылы шешуге болады деген қоғамдық пікір қалыптасты.

Мұндай көзқарас жүйеге деген сенімді әлсіретті. Ең өкініштісі – жылдар бойы адал оқып, еңбектенген студенттер әділетсіздікке тап болды.

Біз мұндай тәжірибеге түбегейлі тоқтау қоямыз.

Денсаулық сақтау министрлігі үшін басты қағида – баршаға ортақ талап, кәсіби даярлықты әділ бағалау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мүлде төзбеушілік.

Медицинада кездейсоқ адамдарға орын жоқ. Бұл салада білімді, тәжірибені немесе кәсіби біліктілікті ешқандай келісіммен алмастыруға болмайды.

Сондықтан біз медициналық кадрларды даярлау тәсілдерін қайта қарап жатырмыз. Біз үшін ең маңыздысы – дипломның өзі емес, дәрігердің нақты клиникалық шешім қабылдай алуы, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы және пациенттің өмірі мен денсаулығына жауап бере алуы.

Бүгінде Қазақстан халықаралық үздік тәжірибелерге негізделген заманауи медициналық білім беру моделін қалыптастырып келеді. Денсаулық сақтау жүйесі дамыған көптеген елдерде білімді әділ бағалау, ашық рәсімдер мен баршаға ортақ талаптар медициналық білімнің берік негізі саналады. Біз де осы бағытпен нық қадам жасап келеміз.

Кез келген реформа сұрақ туындатады және оған бейімделу үшін уақыт қажет. Бірақ өзгермейтін құндылықтар бар. Олар – заң үстемдігі, әділдік, ашықтық және әрбір азаматқа тең мүмкіндік.

Өйткені мықты денсаулық сақтау жүйесі операция бөлмесінде де, емханада да емес, ең алдымен студенттік аудиторияларда және университет клиникаларында қалыптасады.

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА,

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

Таңбалар: Ақмарал Әлназаровакадр саясатымедицина

Ұқсас мақалалар

Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі болып қайта тағайындалды
Әлеумет

Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі болып қайта тағайындалды

03.09.2026
Үкіметте медициналық қызметтің сапасын бақылауды күшейту тапсырылды
Әлеумет

Үкіметте медициналық қызметтің сапасын бақылауды күшейту тапсырылды

28.08.2026
Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауды арттырудың апталығы аяқталды
Әлеумет

Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауды арттырудың апталығы аяқталды

21.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist