МӘСКЕУ. 22 желтоқсан. Мәскеудің оңтүстік қапталында автомобиль жарылып, РФ Қорғаныс министрлігінің шенеунігі, генерал жантәсілім етті. Бұл туралы The Insider ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Оқыс оқиға 22 желтоқсан күні ерте азанда Ясеновая көшесінде орын алған.
Ресейлік күштік құрылымдармен тығыз байланысы бар Baza және Shot telegram-каналдары ақпарды Тергеу комитетінің растағанын жазды.
Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккен азамат Ресей Қорғаныс министрлігінің шенді шенеунігі Фанил Сарваров болып шықты.

Жарылғыш қондырғы Kia Sorento автомобилінің алдыңғы жағына қойылған. Ол ішіне адамдар мінгеннен кейін іске қосылған.
Жарылыс нәтижесінде Ресей Қарулы күштері бас штабының жедел дайындық басқармасының бастығы, генерал-лейтенант Фаниль Сарваров қазақ тапты.
«Донецк.media» порталы мұның биыл украин лаңкестерінің қолынан оққа ұшқан үшінші генерал екенін атап өтті.
Тергеу комитетінің арнайы өкілі Светлана Петренко қайғылы оқиғаның орын алғанын мойындады.
Фаниль Фанисович Сарваров Пермь облысында 1969 жылғы 11 наурызда туған. Ұлты – татар. Қазан танк училищесін бітірген. 1992-2003 жылдары Осетия мен Ичкерия (Ингушия) жерлерінде, сосын Шешенстанда тікелей ұрыс қимылдарына қатысқан. Ол – РФ әскерлерінің Сириядағы операциясы архитекторларының бірі.
USD




