МӘСКЕУ. 31 мамыр. Ресей Қорғаныс министрлігі Мәскеу, Санкт-Петербург және Псков қалаларынының айналасын қоршау траншеялар қазуды ұсынды. Бұл туралы «Кремлевская табакерка» телеграм-арнасының ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьевтің шеңберіндегі мәнбелер бізге Қорғаныс министрлігінен белгілі бір құжат алғандарын атап өтті. Онда елорданың көп деңгейлі қорғаныс жүйесін дайындау қажеттілігі туралы айтылған», – делінген ресурс хабарламасында.
Мұның Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылынан алдын ала сақтану шаралары деп қарастырған жөн шығар. Және бұл жай дақпыртқа ұқсамайды. Сонымен бірге, соғыстың әлі ұзақ жылдарға созылуы ықтимал екенін де аңғартады.
«Мәскеуден 100, 50 және 20 км қашықтықта үш қорғаныс сақинасын дайындау хақында сөз болып жатыр. Оның ішінде жер үсті шабуылына арналған қорғаныс құрылыстарын дайындау да бар», – дейді мәнбелер. Аймақ үшін қазіргі күндердің басты міндеті ресурстар мен техника іздеу болып отыр.
Бір қызығы, мұндай ұсыныстарды Ленинград және Псков облыстарының билігі де алған екен. Бірақ РФ Қорғаныс министрлігіндегілер бұған қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Енді ерте тарихқа бір үңіліп өтейік. Сіз XVI ғасырдың басында Кремль қабырғасының бойындағы Қызыл алаңда «Алевиз арығы» салынғанын білесіз бе? Ол сол кездегі Кремль бекінісінің құрамына кірді және Неглинная өзенін Мәскеу өзенімен байланыстырды. Арықтың құрылысын итальян сәулетшісі Алевиз Фрязин жүргізген. Демек, арықтың атауы да содан қалған болып тұр. Каналдың ұзындығы жарты шақырымнан асады, тереңдігі 12 метрге дейін, ені 32 метрге дейін барады. 1812 жылғы Наполелон шабуылынан кейін орын алған өрттен кейін шұңқыр топыраққа толып қалады. Оның атын қазір Әулие Василий ғибадатханасы ғана еске түсіреді.
Ресейге сол заман қайта келгелі тұрған сияқты.
USD




