26 Тамыз, 05:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мамандығы – мақтанышы

9 Шілде 2025 23:07
- Аймақ, Жаңалықтар
Мамандығы – мақтанышы
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Ақ халат кию – бір күннің немесе бір дипломның ісі емес. Ол – тағдыр талғамы, жүрек қалауымен келетін мамандық. Мейірбике болу – адам жанына алаңдап, сырқатты сырқатымен емес, жүрекпен емдеу. Осы жолда талай сынақтан өтіп, өмірін адам саулығына арнаған жан – Зару Әбіләкімқызы.

Тасбөгет топырағында туып, 1978 жылы ата-анасының қызмет бабымен Сырдария ауданына қоныс аударған қыз бала уақыт өте бұл өңірдің аяулы қызына айналарын ешкім білген жоқ. Алғашқы мектеп партасынан-ақ ұқыптылықты, табандылықты бойына сіңіріп өскен Зару, арман жолына ерте бет бұрды. 1988 жылы Қызылорда медициналық училищесін тәмамдап, мейірбике мамандығын қолына алды да, Сырдария аудандық ауруханасында ақжолтай еңбек жолын бастады.

Содан бергі отыз жылдан астам уақыт – ақ халат пен ақ адал ниетке толы жылдар. Жан сақтау бөлімінен бастап туберкулез және жұқпалы аурулар бөлімшелеріне дейінгі талай сындарлы сәттерде сыр бермеген Зару Әбләкімқызы мейірбикелік қызметтің әрбір қырын бойына сіңіріп, аға мейірбике ретінде биік абыройға ие болды. Оның қолы шипалы ғана емес, жаны да жылы. Сырқат жанға жайлы сөз, емге сенім ұялатар көзқарас, уайымын жеңілдетер көңіл – осының бәрі оның табиғи мінезімен үйлесім тапқан.

Бүгінде Зару Әбіләкімқызы – Сырдария аудандық ауруханасындағы дәрігерлік-консультациялық комиссия (ВКК) бөлімінің мейірбикесі. Бұл – әрбір науқастың тағдыры таразыланатын, жолдамалар мен анықтамалар рәсімделетін аса маңызды бөлім. Мұнда мейірбике тек көмекші ғана емес, пациент жағдайын көзқарасынан-ақ аңғара алатын сенімді тірек. Бұл сенімге Зару апай лайық.

Оның мінезі талапшыл. Жастарға бағыт-бағдар беруде нақты, кейде қаталдау көрінуі мүмкін. Бірақ сол қаталдықтың түбінде үлкен жүрек, шынайы қамқорлық пен адалдық жатыр. «Науқас – сенің кәсібің емес, аманатың», деп үйрететін Зару апай – сөзіне де, ісіне де жауап беретін жан.

Зару Әбіләкімқызының бейнесі – жұмыс пен өмір арасын бөліп жармаған, екеуін де тең ұстаған әйел бейнесі. Ол – отбасында аяулы ана, сүйікті жар. Балаларына – үлгі, немерелеріне – мейірім, жолдасына – тіреу. Оның парасаты бүгінде өз ортасында үлкен құрметке ие.

Қоғамдағы әрбір ірі өзгеріс – қарапайым адамдардың күнделікті елеусіз еңбегінен басталады. Зару Әбіләкімқызы – сондай қарапайым, бірақ үлкен биіктегі жан. Оның бейнесі – төзім мен тәртіптің, мейірім мен мұқияттылықтың, кәсібилік пен кісіліктің айнасы.Сырқатты емдеп жүрген мейірбикенің өзі – адам жанының шипасы. Жанарынан сенім, жүрегінен жылулық есіп тұратын Зарудай аяжандар тұрғанда, ақ халатты абзал жандардың абыройы ешқашан төмендемек емес.«Мейірім – адамның өзгені ұмытпай, өзгені ойлауынан басталады». Зару Әбіләкімқызы – сол мейірім мен адалдықтың қос қанатын қатар ұстап, өмірін өзгелердің бақыты мен амандығына арнаған мейіргер. Оның жолы – құрметке, сөзі – өнеге, ісі – шипа.

Жансая НҰРҚОЖА,

Қызылорда облысы,

Сырдария ауданы

 

Таңбалар: Зару ӘбіләкімқызымейірбикеСырдария ауданы

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысының «Ақжарма» ауылына табиғи газ келді
Дәулет

Қызылорда облысының «Ақжарма» ауылына табиғи газ келді

23.07.2026
Сырдария ауданында «Таза Қазақстан» аясында экологиялық шара өтті
Аймақ

Сырдария ауданында «Таза Қазақстан» аясында экологиялық шара өтті

28.05.2026
Сырдария ауданында заманауи әлеуметтік нысандар саны артып келеді
Аймақ

Сырдария ауданында заманауи әлеуметтік нысандар саны артып келеді

07.04.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist