9 Шілде, 10:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Лукашенконың Беларусь президенті екенін кімдер мойындады?

25 Қыркүйек 2020 11:35
- Жаңалықтар, Қоғам
Лукашенко инаугурация салтанатын құпия жағдайда өткізді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАШКЕНТ. 25 қыркүйек. Кеше Беларусь астанасындағы Тәуелсіздік сарайында Александр Лукашенко инаугурация салтанатын өткізіп, президент лауазымына кірісті. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.

Белорус елінде президент сайлауы 9 тамызда өтті. Орталық сайлау комиссиясы сол күні түнде Лукашенко 80 пайыздан астам дауыс жинады деп жариялады.

Мұның соңы бірден жергілікті халықтың жаппай шеруге шығуына ұласты. Оппозиция өкілдері өздері ұсынған кандидат Светлана Тихановская тап осылай 80 пайыздан артық дауысқа ие болды деген тұжырыммен жұртты көтерді. Міне, содан бері өткен 40 күннен астам уақыттың бір тәулігі бос кеткен жоқ, белорус елінің байтағы – Минскіден бастап, барлық облыстар орталықтарында бейбіт шерулер өтіп жатыр.

Лукашенконың сайлауда таза жеңіп шыққанына Еуропа одағы елдері, Еуропарламент, бұдан басқа, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Норвегия, Австралия, Чехия, Польша, Латвия, Литва және Эстония елдері жеке күмән келтірді.

Бейсенбі күні өткен инаугурацияның лигитимді екенін де АҚШ бастаған көптеген елдер мойындаған жоқ. Еуропаның бірқатар елдері барынша құпия, жасырын жағдайда өткен шараны күлкіге айналдыруда. Шынында да оның салтанатына көп болса, жүзден сәл ғана асатын адам қатысқан. Олардың бәрі де Лукашенкоға бағынышты тұлғалардан – өкілдік палатасының депутаттары мен республика кеңесінің мүшелерінен, мемлекеттік органдар мен мекемелердің, жергілікті атқарушы және өкімді ұйымдардың, мемлекеттік республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларынан, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлерінен құралған. Бұлардың қатарында бірде-бір шетелдік жоғары билік өкілдері, мәртебелі меймандар, тіпті Ресейдің осы елдегі елшісі мен дін өкілдері де болған жоқ. Конституцияға сәйкес, инаугурация міндетті түрде телевидениеден тікелей эфирде көрсетілуі керек еді, халықтан қорыққан Лукашенко бұған да батылы жетіп бара алмады.

Расында солай болды. «Жетім қыздың тойындай» инаугурация өткенінен хабардар болған жұрт екі сағаттан кейін-ақ наразылық акциясын бастап, Минск мен басқа қалалардың көшелеріне толып кетті.

Ал Лукашенконың сайлаудағы басты оппоненті Светлана Тихановская өзінің жеңіске жеткенін тағы да мәлімдеді. Ол бұл инаугурацияны ең бірінші кезекте бұрынғы президент мандатының ресми түрде аяқталуы деп бағалады. «Шын мәнінде Лукашенко бүгін бар болғаны пенсияға кетті», – деді ол.

Осы тұста Украина президенті Владимир Зеленский өзінің белорус әріптесіне жағдай бұдан да ушықпай тұрғанда, осы «тойғанымен» кеткені дұрыс екенін мәлімдеп үлгерді.

Бірқатар саясаткерлер «астыртын» өткізілген инаугурациядан кейін белорус халқының қарулы көтеріліске шығатындары туралы болжам жасап бағуда. Ал Лукашенко шынымен орнынан кететін болса, оған елде бүлдірген көптеген нәрселері үшін, соның ішінде бір түнде із-түзсіз жоқ болып кеткен көптеген саяси оппоненттері үшін жауап беруге тура келер еді. Мұны оның өзі білмей отырған жоқ. Сондықтан соңғы мүмкіндігі қалғанынша биліктің бишігі үшін аянбай айқаспақ болып отыр…

Сонымен бірге, президент сайлауының бастан-аяқ фалсификациямен өткізілгені бұған дейін мың рет дәлелденіп, жүз сапар айғақпен көрсетілгеніне қарамастан (егер ол әділ өтсе, белорус халқы бұлайша түп көтеріліп, 45 күн бойы үзіліссіз қарсылық шеруін өткізбес еді), Лукашенконы «жеңісімен» құттықтап жатқан жақтастары да бар. Мәселен, Беларусьтегі президент сайлауын Ресей, Түркия, Қытай, Армения, Сирия, Вьетнам, Венесуэла, Никарагуа және Молдова ресми мойындады.

Бұдан басқа, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан президенттері Лукашенконы жеке құттықтады. Ал Қазақстанның құттықтауы бірден екі порциямен жіберілді, яғни бұл шапқылауға қазіргімен қоса, бұрынғы президент те бір бүйірден келіп қосыла кетті.

Түрікмен президенті инауграциядан кейін Александр Лукашенконы құттықтаған әлемдегі жалғыз мемлекет басшысы болды. Ол бұған дейін ләм-мим демеген болатын.

Жоғарыда аталған елдерден басқалардың бәрі бұл спектакльге әзірге бейтарап қарап отыр.

 

Таңбалар: Лукашенка

Ұқсас мақалалар

Лукашенка Путинмен кездескеннен кейін неге бірден Қытайға ұшып кетті?
Жаңалықтар

Лукашенка Путинмен кездескеннен кейін неге бірден Қытайға ұшып кетті?

01.07.2026
Зеленський Лукашенканың ретрансляторларды ажыратқанын айтты
Жаңалықтар

Зеленський Лукашенканың ретрансляторларды ажыратқанын айтты

25.06.2026
Путин Лукашенкадан Украинаға қарсы екінші майдан ашуды талап етіп отыр
Жаңалықтар

Путин Лукашенкадан Украинаға қарсы екінші майдан ашуды талап етіп отыр

24.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist