27 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Комсомольская правда» сайтында соғысқа қарсы материалдар жарияланды

12 Ақпан 2023 22:21
- Жаңалықтар, Таным
«Комсомольская правда» сайтында соғысқа қарсы материалдар жарияланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 12 ақпан. «Комсомольская правда» газетінің сайтында соғысқа қарсы бірнеше материал пайда болып, арада 10 минут өткенде алынып тасталды. Бұл туралы «Новая газета – Европа» хабарлады.

Сенбі күні кешке «Комсомольская правда» газетінің сайтында Ресейдің Украинадағы соғысы және Ресейде саяси тұтқындардың азапталуы жайлы ондаған жарияланым шыға келді, алайда көп ұзамай олардың бәрі өшірілді.

Осыған қатысты ақпарды бірінші жариялаған «Продолжение следует» порталы сөз болып отырған мақалалардың бастақырыптарын атап өтті. Бұлардың арасында «Путин приказал бомбить мирные города в Украине», «Кремлевский режим выпустил заключенных с оружием», «Пытки над Навальным: как в российских тюрьмах обращаются с политзаключенными» және «Россия разжигала конфликт в Украине с 2014 года» секілді материалдар бар.

24 жастағы жаңалықшы Владимир Романенко орналастырған бұл хабарлар сайт бетінде он минутқа жетер-жетпес уақыт қана тұрған. Дегенмен, олар сайттың веб-архивінде қалайда сақталып қалады екен.

«Мен бұлардың бір бөлігін «Главное» деген негізгі бөлімге орналастырдым., олар сайтта көрініп тұрды. Осымен бірге материалдар «Яндекс-Дзенде» жарық көрулері үшін белгілер қойдым, бірақ олардың ұзақ тұратынына сенімді болған жоқпын – расында модераторлар «дұрыс емес» жарияланымдардың кетіп қалғанын өте тез, жеті минутта аңғарды», – деді Романенко «Продолжение следует» сайтына берген жауабында.

Аталмыш сайт баяндағандай, материал жарияланып кеткеннен кейін шығарушы редактор қыз Романенкоға: «За*бись, на*уй. Я относилась к тебе как к человеку. Не ожидала от тебя такого», – деп жазады да, өзінің мессенджерінде мұны бұғаттап тастайды.

«Продолжение следует» басылымымен сөйлескенінде Романенко өткен жылдың қыркүйек айынан бері «Комсомольская правданың» федералды таспасында жаңалықшы болып істеп келгенін, мұнда Мәскеуде төрт ай бойы жұмыс таппағасын орналасқанын айтып береді. Оның сөзіне қарағанда, Ресей Украинаға кең ауқымды шабуылмен басып кірген күннен бастап Кремльдің әрекеттерін қолдамаған, ал мобилизация басталғаннан кейін бірден елден кетіп қалған.

«Насихатта жұмыс істеу мені эмоциялық жағынан басып тастады. Көптеген кісілер осындай басылымдарда жұмыс істейді, рас, олар Украинада бейбіт тұрғындардың өлтіріліп жатқанын қолдайды. Ұжыммен екіжүзділік сипатында диалог жүргізу мен күн сайын өтірік нәрселерді жаза беру – біз ойлағаннан да қиын нәрсе. Жұмыстан кейін қатты шаршайтыным сондай, менің бойымда күш те, әлдекіммен әңгімелесуге құлық та, бірнәрсе істеуге ықтияр да қалмаушы еді», – деді Романенко.

2022 жылдың көктемінде Lenta.ru қызметкерлері «Украина нарушила планы Путина» және «Россия полностью уничтожила Мариуполь» деген мақалалар мәтіндері жариялаған болатын. Артынша осыны дайындаған журналистер жұмыстан кетті.

Таңбалар: Комсомольская правдасайтсоғыс

Ұқсас мақалалар

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
РФ СІМ отандастарын ұзақ уақыттық соғысқа дайын болуға шақырды
Жаңалықтар

РФ СІМ отандастарын ұзақ уақыттық соғысқа дайын болуға шақырды

08.08.2026
Ресей енді қарақшылық үшін сотталғандарды да контрактімен әскерге ала береді
Жаңалықтар

Ресей енді қарақшылық үшін сотталғандарды да контрактімен әскерге ала береді

05.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist