АСТАНА. 30 маусым. Кеше түнге дейін Қазақстанда коронавирус кеселінен 10 адамның қайтыс болғаны мәлім етілді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Осы 10-ның есебінде Батыс Қазақстан облысынан – 4, Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласынан бір-бір адамнан бар.
Көз жұмғандардың 5-і – ер кісілер, 5-і – әйелдер. Олардың ең үлкені 1942 жылғы болса, ең кішісі 1981 жылы туған.
Осылайша қайтыс болғандардың жалпы саны 188-ге жетті.
Қазірге дейін құрбандыққа ұшырағандар мына аймақтардан шықты:
Астана қаласы – 61, Алматы қаласы – 26, Шымкент қаласы – 15, Ақмола облысы – 14, Қарағанды облысы – 14, Павлодар облысы – 13, Батыс Қазақстан облысы – 10, Түркістан облысы – 9, Атырау облысы – 6, Ақтөбе облысы – 4, Шығыс Қазақстан облысы – 4, Қостанай облысы – 3, Маңғыстау облысы – 3, Қызылорда облысы – 2, Солтүстік Қазақстан облысы – 2, Жамбыл облысы – 1, Алматы облысы – 1.
USD




