9 Шілде, 14:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Камалов: Ұлттық құндылықтарды қорғау – біздің басты бағытымыз

СҰХБАТ САНДЫҒЫ

20 Мамыр 2026 22:07
- Әлеумет, Жаңалықтар
Камалов: Ұлттық құндылықтарды қорғау – біздің басты бағытымыз
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Соңғы жылдары Қызылорда облысында халқымыздың рухани құндылықтарын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік тіл мен ұлттық киім үлгілерін насихаттау бағытында айтарлықтай жанды жұмыстар жүргізіліп келеді. Мұнда өткен жылы ғана қайта құрылып, ауқымы кеңейген және функциясы арттырылған «Қоғамдық келісім және тіл орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атқарып отырған шаруалары өте зор. Сондықтан біз осы ұжымның директоры Бақытжан Камаловты әңгімеге тартқан едік.

– Бақытжан Жарылқасынұлы, бұрын жұрт сізді теолог ретінде жақсы білетін еді. Соған орай көп жылдар бойы облыста дін істері саласына жетекшілік еттіңіз. 2022 жылдан бері басқарып келе жатқан «Достық үйінің» негізгі миссиясы қандай?

– Иә, заңды сауал. Діни тұрақтылық пен этносаралық келісім мемлекетіміздің ішкі қауіпсіздігі мен тұтастығының қос қанаты іспетті. Менің теология саласындағы және дін істері басқармасындағы көп жылдық тәжірибем қазіргі «Қоғамдық келісім және тіл орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, яғни «Достық үйінің» жұмысын ілгерілетуге үлкен септігін тигізіп жатыр десем, қателеспеймін. Себебі, дін де, ұлттар татулығы да қоғамның рухани саулығына қызмет етеді.

Бұрын біздің мекемеміз ««Қоғамдық келісім» деп аталушы еді, былтырдан бері ол әлгіндей болып қайта құрылып, өзінің қамту сферасын едәуір ұлғайтты. Енді осылайша қайта жаңғыртылған мекемеміздің қазіргі таңдағы  негізгі миссиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілеп берген жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім моделін аймақ деңгейінде сапалы жүзеге асыру болып отыр. Біздің мақсатымыз – Сыр өңіріндегі барлық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін дамыта отырып, оларды қазақ халқының мемлекет құраушы рөлінің төңірегіне топтастыру. Бұл – жай ғана мәдени шаралар өткізетін орын емес, бұл – елдікті нығайтатын, ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын үлкен идеологиялық орталық. Осы тұрғыда ұлттық құндылықтарды қорғау біздің ең алдыңғы қатарлы міндеттеріміздің бірі болып саналады. Оның жолындағы мақсатты күрес бүкілхалықтың қозғалысқа айналуы керек.

– Өткен жылы 4 миллиард теңгеге жуық қаржыға салынған «Достық үйінің» жаңа ғимараты көпшіліктің көңілінен шыққан сияқты. Содан бері мұнда қандай ел есіндей қалатындай шарапатты шаралар жасалды?

– Расымен де, бұрынғы облыс әкімі, қазіргі Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей бастамасымен және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының демеушілігімен бой көтерген бұл заманауи нысан – Сыр жұртшылығына, оның ішінде Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойына жасалған үлкен тарту болды. Құны 3 млрд 800 млн теңгені құрайтын, жалпы ауданы 3912 шаршы метрден асатын бұл ғимарат барлық талаптарға сай жабдықталған. Мұнда 200 орындық үлкен концерт залы, коворкинг және open space аймақтары, би студиясы, облыстық және қалалық ардагерлер бөлмелері жұмыс істеп тұр.

Ғимарат ел игілігіне берілгеннен бастап мұнда өмір қайнап жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында біз жұмыс сапасын жаңа деңгейге көтердік. Егер цифрлармен сөйлетсек, 2025 жылы 23 100 адамды қамтыған 354 іс-шара өтсе, жаңа ғимаратқа көшкен уақыттан бері этносаралық қатынастар бағытында 130-дан астам ауқымды іс-шара ұйымдастырылып, оған 6000-нан астам адам қатысты. Оның ішінде елдің есінде қалған, Тәуелсіздік құндылықтары мен этностар достығын ұлықтаған халықаралық және республикалық деңгейдегі фестивальдер, «Жомарт жан» орталығының ұйытқы болуымен өткен қайырымдылық марафондары бар. Бұл ғимарат облыстық және қалалық ардагерлердің, «Азаматтық Альянстың» және жастардың бас қосатын нағыз зиялылық мекеніне айналды.

  – «Достық үйіне» қатысы бар ұйымдардың қазақ халқының рухани құндылықтары дамуына қосып отырған үлесі қандай?

– Сыр өңірінде 11 этномәдени бірлестік пен біздің құрылымдық бөлімшелеріміз қоғамдық негізде белсенді қызмет етеді. Олардың атқарып жатқан жұмысы тікелей қазақ халқының тілін, ділін және рухани құндылықтарын құрметтеуге бағытталған. Мысалы, біздің құрамымыздағы Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесі отбасы құндылықтарын нығайту, ұлттық тәрбие, қыз баланың әдебі мен ер-жігіттің намысы сияқты таза қазақы, ұлттық мектепті жаңғыртумен айналысады.

Сондай-ақ, «Ассамблея жастары» ұйымының 80-нен астам көшбасшысы өңірде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, қазақтың салт-дәстүрлерін этнос жастары арасында насихаттауға зор үлес қосып келеді. Біздегі әрбір этномәдени бірлестік қазақ халқының тарихы мен мәдениетін өзінің туған мәдениетіндей қабылдайды. Ғылыми-сарапшылық топ пен Журналистер клубы осы бағыттағы идеологиялық бағытты ғылыми әрі ақпараттық тұрғыдан шегелеп отыр.

 –  Қазақ дін әсіредіншілдер арасында халқымыздың мыңдаған жылдардан бері жасасып келе жатқан салт-санасы мен әдеп-ғұрпының тамырына балта шабуға бағытталған әрекеттер жасаушылық деректері соңғы кездері жиі көрініс беріп жүр. Бұларға қалай тойтарыс берген дұрыс?

– Бұл – бүгінгі қоғамның ең ауыр да өзекті жарасы. Маман ретінде айтайын, әсіресе діни радикализм мен жат ағымдардың жетегінде кеткендер ең алдымен ұлттық кодты, яғни дәстүрді жоюға тырысады. Дәстүрінен айырылған ұлт оңай басқарылатын тобырға айналады. Бұған тойтарыс берудің жалғыз жолы – кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және ұлттық тәрбиені күшейту.

Біз бұл бағытта да тек қарап отырған жоқпыз. Облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес бір жылдың ішінде 147 маңызды кездесу өткізіліп, 5100-ден астам адам қамтылды. Біз кездесулерде Президентіміз алға қойған «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тұжырымдамасын негізге ала отырып, дәстүрлі Ислам мен қазақ ділінің сабақтастығын түсіндіріп келеміз. Сонымен қатар, интернет кеңістігінде үлкен ақпараттық жұмыс жүріп жатыр. «Қоғамдық келісім және тіл орталығы» мекемесі тарапынан БАҚ пен әлеуметтік желілерде 4000-ға жуық жарияланым, 1140-тан астам бейнешолу мен бейнеролик жарық көрді. Осы материалдар арқылы біз жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді, заң үстемдігі мен ұлттық мәдениетті дәріптеуді басты орынға қойып отырмыз.

– Қазақтың жеті атаға дейін қыз алыспауды қағидат етіп ұстап келе жатқан ережесіне де шабуыл жасаушылар осы «шолақ шалбарлы, мұртсыз сақалды» ортадан шықты. Мұндайларды қалай сабаларына түсіруге болады?

– Жеті атадан қыз алыспау – қазақтың тек салт-дәстүрі ғана емес, бұл – ұлттың генофондын, қанының тазалығын мыңжылдықтар бойы сақтап келген бірегей ғылыми-биологиялық жүйе. Сырттан келген, тамырсыз діни догмаларды соқыр сеніммен қабылдағандардың бұған қарсы шығуы – сауатсыздықтың ең сорақы көрінісі.

Мұндай жат пиғылды әрекеттерге екі бағытта тосқауыл қою керек. Біріншісі – заң үстемдігі. Біз өзіміздің ақпараттық жұмыстарымызда ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша ұлтаралық, әлеуметтік және діни араздықты қоздырған тұлғалардың қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ашық ескертіп жатырмыз. Жергілікті «Qyzylorda TV» және «Қоғам TV» телеарналарында заң талаптарын түсіндіретін арнайы ескертпе бейнематериалдар үздіксіз көрсетілуде.

Екіншісі – қоғамдық мінбер мен ағартушылық. Біздің Ақсақалдар мен Аналар кеңестері дәл осы мәселеде мектептер мен жоғары оқу орындарында, жастар арасында үгіт-насихатты күшейтті. Ұлттық құндылыққа шабуыл жасағандарға заң аясында да, қоғамдық айыптау арқылы да мықты тосқауыл қойылуы тиіс. Қазақстан – зайырлы мемлекет, мұнда заң мен ұлттық мүдде бәрінен биік тұрады.

–  «Достық үйіне» қарасты ұйымдардың алдында тағы қандай мерейлі міндеттер тұр?

– Алдымызда тұрған міндеттер ауқымды. Ең бастысы – қол жеткізген тұрақтылықты сақтап, ішкі бірлігімізді бекемдей түсу. Біздің ресми әлеуметтік желі парақшаларымыздың жазылушылар саны қазірдің өзінде 20 мыңды құрап отыр, ал материалдарымыздың қаралымы 100 мыңға жетті. Бұл – халықтың біздің жұмысқа деген жоғары қызығушылығының белгісі.

Алдағы уақытта біз осы медиа-әлеуетті, заманауи «Достық үйінің» инфрақұрылымын пайдалана отырып, жастарды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және әлеуметтік белсенділікке баулитын жобаларды көбейтеміз. Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру және Сыр өңірінің экономикалық-әлеуметтік дамуына Ассамблеяның әрбір мүшесінің үлесін қосу – біздің басты мақсатымыз. Достық пен бірлік – барша Қазақстан халқының ең басты байлығы. Біз Сыр бірлігі мен берекесі жолында күш-жігерімізді аямай, аймақтың өсіп-өркендеуіне жұмсай беретін боламыз.

– Әрлі әңгімеңіз үшін көп рахмет!

Әңгімелескен Дастан ЖҰМАБЕК

Таңбалар: Бақытжан Камаловдіни ағымұлттық құндылықтар

Ұқсас мақалалар

Молжанова: Ұлттық құндылықтарды сақтау үрдісі – ұлағатты іс
Жаңалықтар

Молжанова: Ұлттық құндылықтарды сақтау үрдісі – ұлағатты іс

21.04.2026
Қызылорда облысында киелі орындарда көктемгі тазалық күні өтті
Әлеумет

Қызылорда облысында киелі орындарда көктемгі тазалық күні өтті

19.04.2026
Қауіпсіздік қызметі діни экстремизм фактісі бойынша бір топ азаматты ұстады
Жаңалықтар

Қауіпсіздік қызметі діни экстремизм фактісі бойынша бір топ азаматты ұстады

12.11.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist