25 Тамыз, 05:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Журналист-жазушы Жарылқасын Нұсқабайұлы өмірден өтті

23 Сәуір 2024 12:39
- Жаңалықтар, Таным
Журналист-жазушы Жарылқасын Нұсқабайұлы өмірден өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 23 сәуір. Белгілі жазушы-журналист, баспагер Жарылқасын Нұсқабайұлы жасы 85-ке қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы өз мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жарылқасын Нұсқабайұлы 1940 жылы 8 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан (қазіргі – Түркістан) облысы Қызылқұм (қазіргі – Отырар) ауданының «Маяқұм» ауылында туған. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын телеарнада бастап, бас редакторлыққа дейін көтерілді. Бұдан кейін Қазақ телеграф агенттігінде аудармашы-редактор, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Мектеп» баспасында (кейінірек «Рауан») 1982 жылдан бас редактор, директор қызметтерін атқарды. 1998 жылдан «Білім» баспасының директоры болды, 1983 жылдан Қазақ ұлттық университеттің журналистика факультетінде дәріс оқыды.

Жарылқасын Нұсқабайұлы – Отырар ауданының құрметті азаматы.

Жазушының қаламынан туған шығармалар көптеген кітаптар болып баспадан шықты. Олардың арасында «Құмда өскен қызғалдақ», «Мен күтпеген күн еді» повестері, «Аңқау арыстан», «Жылауық», «Түлкі мен балық», «Түлкі неге айлакер болды?», «Түйенің мүйізі қайда?», «Мақтаншақ бақа» сияқты кітапшалары бар. Сол сияқты «Инабат», «Әдеп», «Қазақ журналистикасының тарихы», «Көне басылымдар, аяулы есімдер», «Алты алаштың ардақтылары» тәрізді ғылыми-педагогикалық еңбектері сөрелерден орын алды.

Қаламгер бұдан басқа, чех жазушысының «Менің атым Йонаш» повесін, «Батыр пионерлер» атты деректі повестер жинағын, Х.Андерсеннің «Ертегілер жинағын», «Словак халық ертегілері» жинағын, «Сібір халықтарының ертегілерін», Ш.Әлімбаевтың «Даналық субстанциясы» романын, Е.Кобалевтің ЖЗЛ сериясымен шыққан «Хо Ши Мин» ғұмырнамасын, «Шаңқай түсте көлеңкелер қалмайды» («Тени исчезают в полдень») деп аталатын 7 сериялы көркем фильмді, «Аласұртқан ақша» көркем фильмін, түрікмен жазушылары Х.Халлыевтің «Жол», Ш.Чарыевтың «Саз сырнайшы», белорус жазушысы В.Горбуктың «Көгілдір шырша», Я.Бегнаскаяның «Біз Павлик екеуміз қалай Робинзон болдық» сияқты шығармаларын, қырғыз, тәжік, орыс, армян жазушыларының да бірсыпыра әңгіме, повестерін аударды.

Жарылқасын Нұсқабайұлы алды кең, көңілі дархан, жаны жайсаң азамат еді. Ол өз ісінің білгірі болды. Жақсы аудармашы ретінде де танылды.

Алла алдынан жарылқасын.

Таңбалар: жазушы-журналистЖарылқасын Нұсқабайұлықаза

Ұқсас мақалалар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті
Әлеумет

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

20.08.2026
Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды
Жаңалықтар

Дарынды ақын, талантты сазгер Бекжан Әшірбаев қайтыс болды

14.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist