13 Шілде, 20:07
RAST.kz
USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаңа саяси кезең жаңа үлкен жауапкершілік жүктейді

1 Шілде 2026 22:58
- Жаңалықтар, Қайнар
Жаңа саяси кезең жаңа үлкен жауапкершілік жүктейді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 1 шілде. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Мемлекет басшысының саяси-экономикалық реформаларын іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Жаңа Конституцияда айқындалған қағидаттар мемлекеттік биліктің барлық тармағының қызметіне тың серпін береді. Мемлекеттік басқарудың басты өлшемі халыққа адал қызмет ету, заң талаптарын мүлтіксіз сақтау болуы тиіс. Жаңа саяси кезең бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Біздің міндетіміз – жаңа Конституцияның қағидаттарын халықтың күнделікті өмірінде нақты нәтиже беретін тиімді мемлекеттік саясатқа айналдыру. Сыр өңірінде де жаңа саяси реформалардың талаптарына сәйкес кешенді жұмыстар жүргізілуі қажет», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Күні кеше Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің жаңа кезеңіне арналған тапсырмалар жүктегені белгілі.

Мәжілісте барлық сала басшылары осы міндеттерді орындауда атқарылатын істердің басты бағдары туралы баяндады.

Жиында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев Мемлекет басшысының Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыру тапсырмасы өңірдің құрылыс саласының одан әрі өркендеуіне оң әсерін тигізетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, 2022 жылы құрылыс саласына мемлекеттік бюджет есебінен 24,3 млрд теңге, 2025 жылы 138,3 млрд теңге бөлініп, қаржы көлемі 6 есе өскен. Жалпы осы жылдар аралығында 272 әлеуметтік нысан және 1016 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Биыл жыл соңына дейін табысталатын 3 685 пәтер 15 мыңға жуық тұрғынның баспана мәселесін шешеді.

Облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов Мемлекет басшысы, Үкімет, облыс әкімдігі белгілеген бағыттарды іске асыруда мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімге дейінгі барлық деңгейде сапаны арттыруға басымдық берілетінін атап өтті.

Басқарма басшысы цифрлық трансформацияны жеделдету, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығының сұранысына бейімдеу, тәрбие жұмысын жаңа мазмұнда күшейту үшін атқарылатын жұмыс бағытына да тоқталды.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мөлдір Тәуіпбаева кейінгі төрт жылда өңір экономикасына 2,4 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылғанын атап өтті. Жүзеге асқан 72 индустриялық жобаның құны 400 млрд теңгеден асады.

Алдағы үш жылда 1,9 трлн теңгеге 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылады. Бүгінде 14 ірі жоба, оның ішінде 4 жобаның құрылысы жүргізілуде және 2-еуінің капсуласы салынды. Жыл соңына дейін тағы 8 жобаның құрылысы басталады, 100 млрд. теңгенің 21 жобасы жоспарланған.

«Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясына электр желілерінің техникалық жай-күйін кешенді зерделеу, материалдық-техникалық дайындықты күшейту және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жетілдіру тапсырылды. Барлық жылу көзіндегі резервтік электр станцияларының тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Алдағы жылу беру маусымына қажетті көмір қорын алдын ала жасақтау керек. Осыған байланысты қала және аудан әкімдеріне операторлармен, «Қазақстан Темір Жолы» компаниясымен өзара үйлесімді жұмысты ұйымдастырып, тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету тапсырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Акса Энерджи» түрік компаниясы жаңа жылу электр орталығын салды. Бүгінде орталық іске қосылып, жобада қаралған электр энергиясын өндіруде. Алдағы жылу беру маусымында толық іске қосылып, тұрғындарды үздіксіз, сапалы жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Облысқа жылу беру маусымында 80 мың тонна көмір керек. Оның 68,3 мың тоннасы тұрғындар, 11,7 мың тоннасы әлеуметтік нысандар қажеттілігі кестеге сәйкес қор жасақталуда. Өңірдегі электр желілері мен қондырғыларының тозу деңгейі 60,8%, биыл қайта жаңғыртуға 10,5 млрд теңге қаржы жоспарланған.

Бұл жұмыстардан кейін тозған желілер 59 пайызға азаяды. Жалпы, алдағы жылу беру маусымына дайындық тұрақты бақылауда.

Таңбалар: жаңа міндетҚызылордаМұрат Ергешбаев

Ұқсас мақалалар

Қызылордада жаңа Конституцияны талқылауға арналған форум өтті
Жаңалықтар

Қызылордада жаңа Конституцияны талқылауға арналған форум өтті

13.07.2026
Қызылордада Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды
Әлеумет

Қызылордада Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды

10.07.2026
Жалағашта «Harvest Agro» компаниясы агроөнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда
Аймақ

Жалағашта «Harvest Agro» компаниясы агроөнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда

10.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

    Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

  • «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

  • Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

  • Мұрат Әбенов: Сүлейменованы сүріндіру операциясы сәтсіз аяқталады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist