26 Тамыз, 18:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Газды өзі өндіретін Қызылордада оның бағасын төмендетуге не кедергі?

17 Тамыз 2022 11:00
- Дәулет, Жаңалықтар
Газды өзі өндіретін Қызылордада оның бағасын төмендетуге не кедергі?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 тамыз. Бұрнағы күні Қызылорда облыстық әкімдігінде газ тарифіне байланысты басқосу болып өтті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Жиынға Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов, министрліктің комитеттері басшылары, монополияға қарсы күрес агенттінінің өкілдері қатысты.

Басқосуды Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов жүргізіп отырды. Онда күн тәртібіндегі мәселе бойынша ардагерлер Қожахмет Баймаханов, Ибрагим Әбибуллаев сөз алып, «көгілдір отынды» өз жерінде өндіріп, таратып отырған облыста газ тарифінің ретсіз жоғары болып тұрғанын дәлелді айғақтармен айтып шықты. Олар өз сөздерінде қазіргі тарифтің халыққа ауыр тиіп отырғанын, оның өңіріміздің дамуына да белгілі бір деңгейде кедергі келтіріп келе жатқанын атап өтті. Сондықтан оны түсіру жергілікті жердің де, уақыттың да нақты талабы болып келеді.

«Бірден айта кетейік, қазіргі 14,5 теңге  – уақытша тариф, ол КТГ мекемесінің халықтан артық жиған 1,4 млрд қаржысының есебінен бір жыл уақыт қана қолданылады», – деп жазды әлеуметтік желіде қызылордалық белсенді Болат Нұрқожаев бұған дейін бағаны түсіру жөнінде қабылданған шешімге орай. Ол сондықтан «тариф мәселесін түбегейлі шешу керектігін» алға қойды.

Жиында сонымен қатар прокуратура органдары тарапынан жүргізілген тексерістен кейін халықтың счетчигінің мерзімі өтіп кетуіне орай оған тағы ақша қосылғанын, сол себепті жалпы тұтыну есебі қайта жүргізіліп, 2500 тұрғынға артық салынған қаржының да қайтарылуы қажеттігі айтылды.

Жиыннан кейін, түс қайта вице-министр Асхат Хасеновтің шақыруымен тағы кездесу өткізіліп, тарифтің бүге-шүгесі қайта талқыланды. Онда газды арзандатудың жолдары қайтара сөз етілді. Бұған министрлік мамандары өз уәждерін келтірді. Министрдің орынбасары елімізде газ тарифының жасалу есептеріне шолу жасай келіп, Қызылорда өңіріне беріліп жатқан «көгілдір отынның» 60 пайыздан астамы 965 км қашықтан келіп, тасымал шығынының есебінен көтеріңкі болып тұрғанын, ал «Ақшабұлақта» 203 млн текшеметр ғана газ барлығымен түсіндірмекші болды. Әлбетте, ол мұнысымен жиналғандарды иландыра алмады.

Айта кетуіміз керек, Қызылорда облысының белсенділері газ бағасы мәселесіне байланысты Энергетика министрлігінің өкілдерімен үшінші мәрте кездесіп отыр. Мұның алдында осы проблемаға қатысты министрдің өзі де өңірде арнайы болып қайтқан еді.

Біз бүгін Қызылорда облысында көптен бері жыр болып келе жатқан осы мәселеге байланысты оны көтеруші басты инициаторлардың бірі, белгілі қоғам қайраткері, «Ардагерлер дауысы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ибрагим Әбибуллаевпен хабарластық. Сонда Ибрагим Сражжаддинұлы жиында экологиялық апат аймағындағы жалғыз облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында мынадай талаптар ескерілуі керек екені министрлік алдына қойылғанын атап көрсетті:

  1. «Ақшабұлақтағы» газды түгелдей облысқа беру, 200 млн куб газды 8 теңгемен пайдаланып отырған «Кристал Менеджмент» мекемесіне беруді тоқтатып, оны «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ желісіне ауыстыру;
  2. Облыс тұрғындары есебінен төрт аудан орталығын газдандыруға жұмсалған 24 млрд теңгенің әлі қайтарылмаған 17 млрд теңгесімен есептесу, министрлікке қарасты барлық мүмкіндіктерді есептей келіп, газ тарифын 10-12 теңгеге түсіру,
  3. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Түркістан облыстарының елді мекендерінің 50-92 пайызы газдандырылғанда, Қызылорда облысы елді мекендерінің 8 пайызы ғана газдандырылуы барынша қанағатсыз екендігін ескеріп жұмыс жасау;
  4. Электр жарығына байланысты жарық өндірушілермен пайдаланушылар арасындағы делдалдықты жою, тікелей беру арқылы базалық квт-на 15 теңгеі 13 теңгеге төмендетіп, сол тарифты сақтау, пайдалану көлеміне қарай 19-26 теңгеге өсіру әдісіне тыйым салу;
  5. Осы саланың басшылық кадрларын жергілікті кадрларға ауыстыру, есеп счетчиктерін тексеру, газ есептеу былықтарын тәртіптеу, 7500 тұрғындарына заңсыз айып пұл ретінде счетчиктерін уақытында өткізбеді деп салған 374 млн теңгесін қайтару;
  6. Заңсыз артық алынған 2021 жылдың 6 айындағы 902 млн теңге төлемақыны қайтару.

Қызылорда облысының 800 мың халқы енді өмірлік маңызы бар осы көкейкесті мәселенің оңынан және түбегейлі шешілуін күтеді.

Облыс аумағы үшін «Жаңа Қазақстанның» ендігі бет-бейнесінің бір белгісі осы жайттың қалай шешілгенінен де көрінетін болады.

Біздің түйін: Қараптан қарап жүріп, ақша табуды кәсіпке айналдырған, арада жүрген делдалдарды құртса, бұл мәселе өзінінен өзі шешіле салады.

Таңбалар: газҚызылордатариф

Ұқсас мақалалар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды
Жаңалықтар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

24.08.2026
Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті

22.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist