26 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дугин Хаменеиден кейін Путинге кезек келуі мүмкін екенін айтты

1 Наурыз 2026 18:44
- Жаңалықтар, Қайнар
Дугин Хаменеиден кейін Путинге кезек келуі мүмкін екенін айтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 1 наурыз. Кремльдің асыранды философы аятолладан кейінгі кезек Владимир Путинге келуі кәдік екенін ескертті. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей диктаторының сүйікті философы Александр Дугин Иран сценарийінің Ресейде де қайталанып қалуы ықтимал екенін баяндады.

«Орыс әлемінің» басты идеологы саналатын Александр Дугин Ирандағы режим жойылғаннан кейін әлеуметтік желіде соған жауап ретінде үрейге толы бірнеше жазба жариялады. Ол келесі нысана Ресей болатынына сенімді.

Иранда жоғарғы билеуші ​​Әли Хаменеидің өлтірілгені белгілі болғаннан кейін  философ: «Ресей үшін соңғы қоңырау соғылды» деп жазды. Ол Иран сценарийі Кремльде де қайталанады деген болжам жасап отыр.

«Менің ойымша, Ресейде бәрі жақсы және бейбіт өмір әдеттегідей жүріп жатыр деген имиджді қалыптастыру стратегиясы өзін-өзі сарқып бітті. Біз келесісіміз… Егер Иран бұл қысымға шыдаса, бәрі дұрыс болуы мүмкін. Егер ол құласа, бәрі бітті, кезек бізге келеді», – деп аһ ұрды Z-философ.

Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың табандылығы мен шапшаңдығына тәнті болғанын айтады, бірақ Иран режимін жойып жібергені үшін оны  айыптап, «нағыз зұлым» деп атады.

Дугин Кремльден дереу милитаризацияға көшуді,  кадрларды кең көлемді ротациялауды және жұртты қарулану ісіне жұмылдыруды талап етті. Оның айтуынша, Ресей үкіметі қазір мұны «қаламайды». Ол сондай-ақ Ресейдің Украинадағы агрессиясын «Катехон қылышы» деп атауға шақырды, содан кейін «бәрі басқаша болады» және Ресей ақыры жеңіске жете бастайды деген сенім білдірді.

Дугин сонымен қатар Батыс Ирандағы операциясын қайталап, Владимир Путиннің көзін жойса, Ресейдің ақыры не болатыны жөнінде риторикалық сұрақ қойды. Ол мұның соңы ұлы дүрбелең мен алапат сүргінге айналып кете ме, деп қорқады.

Таңбалар: ДугинИран сценариіРесей

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist