АФИНА. 21 наурыз. Ұлттар лигасында Грекияға қарсы ойында Қазақстан құрамасына шақырту алған футболшылардың нақты тізімі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қазақстан құрамасы 8 наурыздан бері Дубайда бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп, алдағы кездесуге дайындалды. Қазақстандықтар оның аясында Түрікменстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 21 наурыз күні Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі шеңберінде Грекиямен өткізілетін матчқа шақырылған ойыншылардың аты-жөндерін атап өтті.
Құрама сапына шақырылғандар тізімін мына футболшылар құрады:
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);
Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (үшеуі де – «Астанадан»), Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин (үшеуі де – «Тобылдан»), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасыдан»), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (екеуі де – «Ақтөбеден»), Нұралы Әліп («Зенит», Санкт-Петербург, Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де – «Ақтөбеден»), Абзал Байсебеков, Исламбек Қуат, Эльхан Астанов (үшеуі де – «Астанадан»), Асхат Тағыберген, («Ордабасы»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Ыстанбұл, Түркия), Александр Зуев («Арсенал», Тула, Ресей);
Шабуылшылар: Рамазан Кәрімов («Астана»), Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Адана,Түркия).
Кеше Қазақстан құрамасы Грекиямен матч өткізу үшін Афинаға келіп жетті.
Ойын бүгін, наурыздың 22-не қараған түні Астана уақытымен 00:45-те басталады. Ұтқан команда келесі жартылай финалдық жұп – Грузия – Люксембург арасындағы матчтың жеңімпазымен 26 наурызда ойнап, Еуропа чемпионатының жолдамасын сарапқа салады.
Құрлық біріншілігі биылғы 14 маусым – 14 шілде аралығында Германияда өтеді.
Матч бүгін Астана уақытымен 00:35 сағаттан бастап Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
USD




