13 Шілде, 21:07
RAST.kz
USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Браво, Кабо-Верде Аргентина құрамасымен тең дәрежелі ойын көрсетті (видео)

4 Шілде 2026 15:15
- Жаңалықтар, Сайыс
Браво, Кабо-Верде Аргентина құрамасымен тең дәрежелі ойын көрсетті (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МАЙАМИ. 4 шілде. АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында Аргентина – Кабо-Верде құрамалары арасында өткен әлем чемпионатының 1/16 финалдық матчы футбол жанкүйерлерін керемет әсерге бөледі. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Жарайсың, Кабо-Верде! Мундиалдағы ғаламат ойының миллиондардың жадында жақсы жатталып қалды. Бұл әлем чемпионаты тарихындағы ең жарқын матчтардың бірі болды. Демек, 48 командалық формат өзін өзі ақтады.

Чемпионат фавориттерінің бірі саналып отырған әлемнің қазіргі кездегі чемпионы – Аргентина құрамасы жарты миллионнан сәл асатын халқы бар, Африканың бір мүйісіндегі шағын аралдың терме жамағатын ойынның негізгі уақытында ұта алмады. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Матчтағы бірінші голды 29-минутта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси соғып, есеп ашты. Ол осымен әлем чемпионаттарындағы 20-шы голын салып, өзіндік рекордын жасады. Бұған қоса, 7 доппен осы чемпионаттағы мергендер көшін бастады. Ал Кабо-Верденің жартылай қорғаушысы Дерой Дуарте 59-минутта қарымта доп салып, таразы басын теңестірді.

Бұдан кейін командалар бәсекелестікті овер-таймда жалғастырды. Ол басталған бойда, 92-минутта аргентиналық Лиссандро Мартинес екінші мәрте өз командасын алға шығарды – 2:1. Бірақ бұл басымдық 11 минутқа ғана шыдас берді, 101-минутта Сидни Лопеш Кабрал безбен басын тағы да теңгеріп тастады. Өкінішке қарай, 111-минутта «қара құрлық» ойыншысы Дини өз дарбазасына доп кіргізіп алды. Сөйтіп, жалпы есепте Аргентина құрамасы 3:2 есебімен алға шықты. Осы есеп сосын матч соңына дейін өзгерген жоқ.

Осы чемпионатта төрт ойын өткізген Кабо-Верде солардың бірде-бірінде негізгі уақытта қарсыластарынан ұтылған жоқ. Ол мұның жай ғана сәттілік емес екенін де толық дәлелдеді.

Топтық турнирдің бірінші матчында Испаниямен ұшырасқан африкалықтар 0:0 есебімен тең ойнады. Бұдан соң Уругваймен шайқасты 2:2 есебімен аяқтады. Ал Сауд Арабиясымен кездесуде тағы 0:0 деген есеп тіркелді. Енді, міне, плей-офф кезеңінде әлем чемпионымен негізгі уақытта 1:1 есебімен «итжығыс» түсіп отыр.

Кабо-Верде – 530 мыңға жуық халқы бар арал-мемлекет. Ол Африканың солтүстік-батыс жағалауынан бірнеше жүз шақырым жерде, Атлант мұхитының айдынындағы жанартау (вулкан) аралдар шоғырында (архипелаг), Оңтүстік Америка тұсында орналасқан. Бұрын бұл аумақ «Жасыл мыс аралдары» деп аталатын. Ол он үлкен және бес шағын аралдардан тұрады. Арал XV ғасырдан бастап 1981 жылға дейін Португалияның отары болған.

Бұл мемлекеттің ұлттық құрамасы негізінен диаспора ойыншыларынан құралған. Соның бірі – қорғаушы Роберт Лопеш бір кездері әлеуметтік желілер арқылы табылған екен. Ол шақыру алған кезде мұны әлдекімдер қалжыңдап жазып отыр деп ойлап қалыпты. Кейін мұның шын нәрсе екенін білгесін ұлттық құрамаға қосылып, әлем чемпионатына барады және өмірдегі ең жарқын эмоцияларды бастан өткереді.

Турнир барысында құраманың 40 жастағы қақпашысы Возинья (жоғарыда суретте) қатты жарқырап көрінді. Бұған дейін әлеуметтік желіде оның 50 мыңға жуық жазылушысы болған екен, ал Испаниямен ойыннан кейін ол миллиондаған адамға жеткен. Бірнеше апта ішінде әлем чемпионатының басты жұлдыздарының біріне айналды және Аргентинамен матчтан кейін Тибо Куртуаның ізбасарлары қатарынан озып, планетаның ең танымал белсенді қақпашысы атанды. Фантастикалық жетістік!

Кабо-Верде құрамасы және оның голкипері жайында Мессидің өзі де ғаламат ризалық сөзін айтты. Ол Возиньяның алдында басын иді. Ал әлеуметтік желіде турнирдің келесі кезеңіне аргентиналықтар емес, кабоверделіктердің өтпей қалғанына өкініш білдіріп жатқан футбол жанкүйерлерінде есеп жоқ! Себебі, мұндай команданың чемпионаттан кететіндеріне қапалы екендерін жасырмайды.

Осыдан кейін футбол жанкүйерлері чемпионаттың 48 форматымен өткеніне оң баға бере бастады. Соның арқасында қаншама қызықты ойындар қатарға қосылды. Сенсациялық ойындар да баршылық. Мысалы, Парагвай Германияны, ал Марокко Нидерландты пенальтилер сериясы бойынша жолда қалдырып кетеді деп кім ойлаған!

Қазір кімдердің финалға шығатындарын да, кімнің чемпион болатынын да ашып айту қиын. Дегенмен, біз мұнда Францияның бас жүлдеге еге болатыны жөнінде болжам айтқымыз келеді.

Сөйте тұра, әліптің артын бағып көрейік. Бүгін түнде, сағат 22:00-де Канада – Марокко (Мағриб) командаларының кездесулерімен 1/8 финалдық матчтар да сөреде шығады.

Таңбалар: Аргентинаәлем чемпионатыКабо-Вердесенсация

Ұқсас мақалалар

Аргентинаны чемпионаттан алуды талап ету петициясына 3 млн адам қосылды
Жаңалықтар

Аргентинаны чемпионаттан алуды талап ету петициясына 3 млн адам қосылды

13.07.2026
Аргентина Швейцарияны овер-таймда ұтып, жартылай финалға жолдама алды
Жаңалықтар

Аргентина Швейцарияны овер-таймда ұтып, жартылай финалға жолдама алды

12.07.2026
Өзбек төрешісі әлем чемпионатындағы ең төменгі бағаға тап болды
Жаңалықтар

Өзбек төрешісі әлем чемпионатындағы ең төменгі бағаға тап болды

11.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

    Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

  • «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады

  • Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

  • Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

  • Мұрат Әбенов: Сүлейменованы сүріндіру операциясы сәтсіз аяқталады

  • Қазақстан ресейліктердің шекарадан өтулеріне қарсы жаңа шектеулер енгізді

  • Конституциялық сот Тоқаевтың қайта сайлауға түсуге құқылы екенін дәлелдеп берді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist