25 Тамыз, 06:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атанды

22 Мамыр 2022 09:33
- Жаңалықтар, Сайыс
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атанды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЛАС-ВЕГАС. 22 мамыр. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы бүгін таңертең АҚШ-тың осы қаласында британиялық Дэнни Дигнумды 2-раундта нокаутпен ұтып, әлемнің «уақытша» чемпионы атағына қол жеткізді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Боксшылар Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) орта салмақтағы үздігі атану үшін жекпе-жекке шықты. Біздің тарлан қарсыласын бірінші раундта нокдаунға түсірді. Ал екінші раундта нокаутқа жіберді.

Сөйтіп, осы кезге дейін кәсіпқойлар рингіне 11 рет шығып, соның 7-ін мерзімінен бұрын аяқтаған Жәнібек сол жеңісті жолды үлкен абыроймен жалғастыра білді. Ал британиялық былғары қолғап шебері бұған дейін 13 мәрте рингке көтеріліп, соның 8-ін нокаутпен аяқтаған екен. Ол да Әлімханұлы сияқты бұған дейін жеңіліп көрмеген.

Енді Жәнібектің WBO-ның орта салмақтағы чемпионы атағын толық алуы үшін америкалық Деметриус Андрадені (31-0, 19 КО) ұтуы керек. Ұйым оған осындай міндет жүктеп отыр. Қазақстандық боксшы оны жеңген не ол шайқастан бас тартқан жағдайда титулға қол жеткізе алады.

Еске сала кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) бұрын WBA Super, IBF және IBO версиялары бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанған болатын.

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін журналистер Жәнібекпен қысқаша сұхбат жүргізді.

Ол былай өрбіді:

– Сенің енді кіммен бокстасқың келеді?

– Ендігісі Джермалл Чарло шығар

– Ал Деметриус Андраде ше? Бәлкім, ол сенімен шығып та қалар?

– Чарло, Андраде… Мен қазір рингте тұрмын, осыны пайдаланып, мен осы салмақтағылардың әрбіріне сөз арнағым келеді. Мен осында тұрмын, мен сендерді күтіп тұрмын. Мен әрбір чемпионнан келіп, менімен шайқасуды өтінем.

Осы жерде Жәнібектен оның Головкинмен жекпе-жекке шығып қалу ықтималдылығына қатысты да сұралды.

– Қазақтың ежелден келе жатқан салтына сәйкес, жасы кішілер үлкендерді құрметтейді. Кішілер үлкендерді жекпе-жекке шақырмайды. Сондықтан біз Гена екеуміз шайқаспаймыз. Мен Чарло мен Андрадені жекпе-жекке шақырамын. Әлі өзімнің ауыр соққыларымды жасағаным жоқ. Оны енді бастап келе жатырмын, – деп жауап берді Жәнібек бұл сұраққа. Оның жауабы көпшілікті риза етті.

Осының алдында қазақстандық тағы бір боксшы – Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) WBC International версиясы бойынша аса ауыр салмақта француз Йохан Дюоппен (39-7, 26 КО) вакантты чемпиондық орын үшін таласты. Бұл кештің басты шайқасы болды. Ұрыс алтыншы раундта аяқталды. Біздің боксшының соққыларынан екі көзі бірдей жабылып қалған қарсыласы бұдан әрі айқасудан бас тартты.

 

Таңбалар: әлем чемпионыбоксЖәнібек Әлімханұлы

Ұқсас мақалалар

Әділжан Жаудинов әлем чемпионатында елімізге үшінші алтын медаль әперді
Жаңалықтар

Әділжан Жаудинов әлем чемпионатында елімізге үшінші алтын медаль әперді

23.08.2026
Тоқаев Испания Королін ел құрамасының әлем чемпионы атануымен құттықтады
Жаңалықтар

Тоқаев Испания Королін ел құрамасының әлем чемпионы атануымен құттықтады

20.07.2026
ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды
Жаңалықтар

ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

20.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist