25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бокс: Хальзова мен Қызайбай Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

2 Маусым 2024 18:18
- Жаңалықтар, Сайыс
Бокс: Хальзова мен Қызайбай Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БАНГКОК. 2 маусым. Бүгін Бангкокта өтіп жатқан іріктеу турнирінің ширек финалында Валентина Хальзова мен Назым Қызайбай жеңіске жетіп, Олимпиадаға жолдама алды. Бұл туралы Olympic.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Турнирге Африкадан – 25, Америкадан – 27, Азиядан – 31, Еуропадан – 39, Океания аймағынан – 9 мемлекеттің, барлығы 131 елдің 578 боксшысы қатысты.

Мұнда ерлер 57, 80 келіге дейінгі салмақтарда – 3, ал 51, 92, +92 келіге дейінгі салмақтарда – 4, сондай-ақ 63,5 және 71 келіге дейінгі салмақтарда 5 квота, әйелдер 60 келіге дейінгі салмақтарда – 3, сондай-ақ 50, 54, 57, 66, 75 келіге дейінгі салмақтарда 4 квота алады.

Бүгін күндізгі сессияда 75 келіге дейінгі салмақтағы Валентина Хальзова колумбиялық  Ширлейдис Ороскомен шайқасты. Үш раунд бойы жекпе-жек тізгінін өз қолына алған жерлесіміз бәсекелесіне ешқандай мүмкіндік берген жоқ. Есеп – 5:0 (5:0, 5:0, 5:0).

Валентина бұған дейін украин Каролина Махно мен моңғол Ерденетуя Енкхбаатарды   тізе бүктірген.

Осылайша Хальзова еліміздің әйелдер құрамасына екінші олимпиялық лицензияны алып берді. Оның біріншісін өткен жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша 57 келіге дейінгі салмақтағы Карина Ибрагимова жеңіп алған болатын.

Кешкі сессияда 50 келіге дейінгі салмақтағы Назым Қызайбай КХДР атлеті Канг Су Хуангпен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің бірінші раундында корей боксшысы 5:0 есебімен алға шықты. Алайда келесі бөлікте қарқынды арттырған біздің қыз есепті теңестіре білді. Ал соңғы кезеңде Назым қарсыласын бір рет нокдаунға жіберді. Нәтижесінде ол 5:0 (0:5, 5:0, 5:0) есебімен жеңіс тұғырына көтерілді. Сөйтіп, Қазақстан әйелдер құрамасында Олимпиада квотасына қол жеткізген үшінші боксшы болды.

Назым бұған дейін словак Николь Дурикованы, кореялық Жух Юнг Жунгті және британиялық Саванна Стаблиді жеңген еді. Мұның барлығында ол 5:0 есебімен басымдық көрсетті.

Бұған дейін 2014, 2016 жылдары әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай осы кезге дейін Олимпиадаға қатысып көрмеген еді.

Бұлардан басқа үш боксшымыз – Ұлжан Сәрсенбек (54 кг), Римма Волосенко (60 кг), Наталья Богданова (66 кг) турнирден құрқол қайтты.

Суреттерде: Валентина Хальзова мен Назым Қызайбай Олимпиялық ойындардың лицензиясын қолдарына ұстап тұр

Таңбалар: Бангкокбоксвалентина хальзоваНазым Қызайбай

Ұқсас мақалалар

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті
Әлеумет

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

09.07.2026
Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады
Жаңалықтар

Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады

21.06.2026
Санжар Тәшкенбай Әлем кубогы екінші кезеңінің ең биік тұғырына көтерілді
Жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай Әлем кубогы екінші кезеңінің ең биік тұғырына көтерілді

21.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist