17 Қазан, 15:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бишімбаев ісі: Бүгін Салтанат Нүкенованың жазбалары жария болды

4 Сәуір 2024 23:34
- Әлеумет, Жаңалықтар
Бишімбаев ісі: Бүгін Салтанат Нүкенованың жазбалары жария болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 4 сәуір. Бүгінгі сот отырысында Салтанат Нүкенованың ұялы телефонындағы хабарламалар мен жазбалар оқылды. Бұл туралы Nur.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Бүгін сотта Салтанат Нүкенованың ұялы телефонындағы қоңыраулар, хабарламалар, жазбалар қаралды. Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Салтанаттың телефонына 2023 жылғы 10 қазан күні жазылған жазбаны оқып берді.

«Қуандық, Павлодарға біржола кетіп бара жатырмын. Мен ешқандай сезімнің жоғын түсіндім, қарым-қатынасты сақтап қалғым келмейді, бұл мүмкін емес. Опасыздығың үшін кешірім де сұрамадың. Барлығына мені кінәлап және психотерапевтке бар дей бердің. Сен соншалық соқырсың, енді шыдай алмаймын. Кешір, ұмыт мені, жібер. Өзім үшін нақты нүкте қойдым: ата-анамның қасында боламын, олар маған қарайды», – деп оқыды прокурор марқұмның жазбасын.

Бишімбаевтың бұған қатысты пікірі әдеттегіше екіұдай сезім қалдырды.

«Шынымды айтсам, бұл мәтінді бірінші рет естіп тұрмын, психотерапевт туралы ол кеңес алуы керек екенін, психикасы тұрақсыз екенін айтып жүрдім. Опасыздыққа қатысты: Ол қонақүйге кеткенде мен жай ғана кешігіп, сағат 21:30-да келгеніме және оның бейне қоңырауларына жауап бермегеніме байланысты. «Салтанат, шаршадым, сен басқа нәрсе ойлап тап» дедім. Оны күткен жоқпын: егер адам үнемі кетіп қала берсе, демек оған бәрібір. «Үйде отырмаймын, күтпеймін» дедім. Кейін «әйелдерді үйге неге әкелесің» деген хат алмасу болды», – атап өтті сотталушы Бишімбаев.

Бұдан кейін прокурор Салтанат Нүкенованың жеке жазбасымен таныстырды. Онда жас келіншек күйеуін сүйетінін, бірақ оның алдында орынсыз ақталудан шаршағанын айтқан.

«Сәлем, жаным, мен де фотоға қарап отырмын, жүрегім ауырады. Мен сені сүйемін. Мен үшін жасаған және жасап жатқан істеріңді, еңбегіңді бағалаймын, тырысып жүргеніңді көріп жүрмін. Бірақ ұрыс-керістен, ұдайы махаббатымды дәлелдеуден, ақталудан шаршадым. Бұл өмір емес. Мен сенің ойыншығың емеспін, үнемі қуа беретін, бір нәрсені бірнеше рет қайталай беретін балаң емеспін. Егер байқамаған болсаң, мен ақымақ емеспін, өзім білетін, меңгерген істі қалай істеу керек екенін 24/7 тыңдағым келмейді. Әр ұрыс-керістен кейін бірнеше күн бойы өз-өзіме келумен боламын, сонан соң өз жұмысыммен айналысып, сені күлімдеп қарсы алуым керек болады, шаршадым деп көр. Махаббат пен неке бақыт әкелуі үшін оның іргетасы сенім мен сыйластықтан қалануы керек, әйтпесе күш салудың қажеті қанша? Бәрі картадан жасалған үй сияқты опырылып түседі. Ақымақтарға ұқсап бір-бірімізбен алыспай, бір-бірімізге тіреу болуды үйренуіміз керек. Екеуміздің қарым-қатынасымыз жайлы көп әңгімелесетін, бір-бірімізді түсенетін сияқты едік, соған қарамастан ұдайы тису мен ұрыс-керістен күйзеліп кетемін. Екеуміздің арамызда болған жанжалдарды ауыр қабылдаймын деп айтқанмын, содан жүйкем сыр бере бастады, бірақ мен сені сүйемін, сондықтан өз тарапымнан өз-өзімді қолға алуға, сенің өтінішіңнің бәрін орындауға тырысамын, өйткені маған сенің тыныштығың мен бақытты болғаның маңызды», – делінген аталмыш жазбада.

Айыпталушы бұл хатпен де таныс болмағанға ұқсайды.

Айта кетейік, 3 сәуірдегі сот отырысында судья Айжан Құлбаева сотты адастыруға әрекет еткен Бишімбаевтың адвокаттарына осы процестің аяқталуына қарай шара қолданатынын айтып ескертті.

Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі әлі өтіп жатыр. Оныі айыптылар орындығында күйеуі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанов отыр.

Таңбалар: жазбаларҚуандық БишімбаевСалтанат Нүкеновасот

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды
Жаңалықтар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды

08.09.2026
Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды
Жаңалықтар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды

04.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist