19 Қазан, 01:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бас прокуратура жарты жылдық жұмысын қорытындылады

28 Шілде 2022 22:38
- Жаңалықтар, Құқық
Бас прокуратура жарты жылдық жұмысын қорытындылады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 28 шілде. Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен өткен алқа отырысында прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. Бұл туралы Бас прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Жыл басынан бері Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін прокурорлар күшін «қаңтар трагедиясының» себептері мен егжей-тегжейін анықтауға, террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушылары мен белсенді қатысушыларын анықтауға бағыттады.

Бүгінгі күні осы оқиғаларды тергеу нәтижелері бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жолданды, 717 адам сотталды (жаппай тәртіпсіздік жасау, ұрлық, тонау, қаруды сақтау және алып жүргені үшін).

Қылмыстық процесті кезең-кезеңмен жаңғырту жалғасуда.

Үш буынды модельді енгізу аясында прокурорлар 189 мың процессуалдық шешімді тексерді.

Жыл басынан бастап прокурорлар ерекше тәртіп негізінде аса ауыр қылмыстар бойынша 570 айыптау актісін толтырды.

Жалпы «прокурорлық сүзгінің» арқасында тергеудің сотқа дейінгі сатысында азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу фактілерінің саны азайды.

Қылмыстық орбитаға тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылуда.

Жыл басынан бері 1077 тұлғаға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды. Қызметтік үй-жайлардан және уақытша ұстау изоляторларынан 512 адам босатылды.

Прокурорлардың бастамасы бойынша 634 адамға қатысты сот үкімдері заңға сәйкестендірілді, 130 сотталушының жағдайы жақсарды, 15-і ақталды.

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 8 мыңнан астам заң бұзушылық жойылды.

Бюджетке 15 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды. Әртүрлі жауапкершілікке 14,5 мың адам тартылды.

Кедендік реттеу және сұйытылған мұнай газы нарығы саласында тәртіп орнатылды. Елеулі бұзушылықтар, ұрлық пен сыбайлас жемқорлықтың «көлеңкелі» схемалары ашылды.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау, медициналық бұйымдарға баға белгілеу мәселелері, ірі көтерме сауда базарларының қызметі және т. б. бойынша тексерулер жүргізілді.

184 мыңнан астам адамның еңбек құқықтары қалпына келтірілді, 1,1 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек өтелді.

Азаматтық, әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 2,1 мыңнан астам сот актілері түзетілді, 6,7 млрд теңгеге бюджет шығындарының алдын алынды.

Қадағалаудың басым бағыттарының бірі – бизнесті қорғауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

Мәселен, кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтар бойынша 845 қадағалау актісі енгізілді, 212 млн теңгеден астам сомаға 5,5 мың әкімшілік өндіру тоқтатылды, 6,2 мыңнан астам заңсыз тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандарының жолы кесілді және күші жойылды, 650-ден астам адам жауапкершілікке тартылды.

Қадағалаушы орган алдында тұрған міндеттердің ауқымдылығы мен маңыздылығына назар аудара отырып, Берік Асылов прокурорлардан азаматтардың конституциялық құқықтарын, бизнес пен мемлекет мүддесін кешенді қорғауға, сондай-ақ қылмыстылықпен күресте үйлестіруші ролін күшейту керектігін талап етті.

 

Таңбалар: алқа отырысыбас прокуратураБерік Асылов

Ұқсас мақалалар

Қызылордада Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті
Әлеумет

Қызылордада Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті

28.08.2026
Ақыры Қайрат Қожамжаровтың үстінен де қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар

Ақыры Қайрат Қожамжаровтың үстінен де қылмыстық іс қозғалды

06.09.2025
Бас прокуратураға Алматы облысының экс-прокуроры жөнінде шағым түсті
Жаңалықтар

Бас прокуратураға Алматы облысының экс-прокуроры жөнінде шағым түсті

26.08.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist