23 Қазан, 21:10
RAST.kz
USD USD 451.05 ₸
EUR EUR 504.95 ₸
RUB RUB 5.6 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Бәріне печенегтер кінәлі». Путин неге бұлай деді?

9 Сәуір 2020 18:16
- Жаңалықтар, Қайнар
«Бәріне печенегтер кінәлі». Путин неге бұлай деді?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 9 сәуір. Ресей президенті Владимир Путин кеше халыққа арнаған үндеуінде коронавирусты бір  кездергі печенегтер мен половецтерге (қыпшақтарға) теңестіріп сөз етті. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Ол өзінің кәлимасында Covid-19 эпидемиясын ертедедегі печенегтер мен половецтердің жойқын жорықтары мен шапқыншылығына теңей отырып, коронавирусты жеңіп шығуға уәде берді.

«Біздің еліміз талай рет елеулі сынақтарды бастан кешірген: оны печенегтер де, половецтер де азапқа салған, – Ресей соның бәрін жеңіп шыққан. Біз бұл жолы коронавирус деген пәлекетті де солай жеңеміз. Біз бірге болсақ, бәрін де бағындырамыз», – деді президент сәрсенбі күні сөйлеген сөзінде.

Путиннің үндеуі кезінде печенегтер мен половецтерді еске алуы әлеуметтік желіде оны кекеткен әзіл-қалжыңның қалың толқынын тудырды. Рунет жан-жақтан қозғала жөнелді.

Желіні пайдаланушылар Ресейдің «печенегтерді жеңгенін» қашан тойлайтынын сұрасып, бұдан да басқа тарихи оқиғалардың хроникасын санамалап шықты.

Альфина деген блогер «Путиннің халыққа арнау жасағанын лентаны басып қалған печенегтерді көргеннен кейін білдім» деп жазды.

Тағы бір пайдаланушы печенегтің твиттер трендінде соңғы рет XI ғасырда болғанын атап өтіпті.

Өзін «Печенежская фура» деп атаған келесі пайдаланушы «Мен ұйқыға жатып қалғанда, Ресей печенегтерге қарсы соғыс жариялап жіберіпті», деп түйреп кетіпті.

Ал Боб Фарбер деген сайқымазақ «Пандемия кезінде табиғаттың тазарғаны соншалық, Ресейге печенегтер қайтып оралыпты», деп кекесін жайғапты.

Пайдаланушылар мемді де қолданып бағыпты. Соның орайында олар печенег орнына печенье суреттерін салып қойыпты.

Вова Чернов деген пайдаланушы мынадай диалог ұсынады:

«Путин: мен соңғы кездері печенегтерден еріксіз қорқатын болып жүрмін.

Психотерапевт: қорықпай-ақ қойыңыз, біз оларды әлдеқашан жеңіп шыққанбыз, қазір ешқандай печенег жоқ».

Бірақ печенег те, половец (қыпшақ) те бар. Қателеседі. Бұл тайпалардың тұқымдары Еуразияны жайлаған қазіргі барша түркі халықтарының құрамында жүр.

Печенегтерден 24 тармақты оғыздардың бір бөлігі, қаңлылардың, қырғыздардың, қарақалпақтардың (черные клобуки), гагауздардың бір бөлігі, башқұрттардың юрмат аталығы шыққан.

Ал половецтер (олар өздерін «қыпшақ» деп атаған) негізін құраған түркі халықтарының саны өте-мөте көп. Соның ішінде олар қазақтардың, башқұрттардың, татарлардың, қарақалпақтардың, қырым татарларының, ноғайлардың, қарашай-малқарлардың, құмықтардың негізгі бөлігін, қырғыздардың, өзбектердің бір бөлігін, сондай-ақ венгерлердің бір этникалық тобын құрайды.

Дегенмен, тұтастай алғанда, ресейліктер «ұлт лидерінің» өздеріне ежелгі дәуірдегі жағдаятты айтып жұбатқаннан басқа берер ештеңесі жоқ екенін бірден түсінді. Қоғамның сауатты бөлігі ертедегі Русьтің тарихын Ресейдің тарихына әкеліп телудің ешбір керегі жоқ екенін ашықтан-ашық айтып, президенттерін мазақ етті. Олар Русь кезіндегі славян тайпаларының печенегтерді жеңіп қарық қылмағанын, оларды тарих сахнасынан кетірген өздерінің туыстастары – қыпшақтар, торктер және гуздар екенін, ал Дунай бойына барған негізгі бөлігін қырып жіберген византиялықтар мен половецтердің біріккен әскерлері екенін жақсы біледі.

Таңбалар: печенегтер

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • МҰРАТБЕК ТОҚТАҒАЗИН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

  • Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 451.05 ₸
EUR EUR 504.95 ₸
RUB RUB 5.6 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist