17 Қазан, 11:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әзербайжанда РФ насихаттық агенттігінің 7 қызметкері ұсталды

1 Шілде 2025 21:48
- Әлеумет, Жаңалықтар
Әзербайжанда РФ насихаттық агенттігінің 7 қызметкері ұсталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БАКЫ. 1 шілде. Әзербайжан билігі Ресей мемлекеттік пропагандасы бас агенттігінің 7 қызметкері қамауға алынды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қызметкерлерді Әзербайжан ішкі істер министрлігі алаяқтық, заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған мүліктерді заңдастыру баптары бойынша қозғалған қылмыстық істер шеңберінде қамауға алу жүзеге асырылды.

«Sputnik-тің екі қызметкері қамауға алынды, тағы бес қызметкері қылмыстық жауапқа тартылды», – деп жазды haqqin.az мәтбұғаты, бірақ ұсталғандардың аты-жөндерін атай қоймады.

Би-би-си агенттігінің хабарлауынша, күштік құрылымдар осы іс бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Осының қарсаңында, 30 маусым күні құқық қорғаушылар Ресейдің «Россия сегодня» мега-тобындағы «Спутник» ақпарат агенттігінің Бакыдегі «Sputnik Азербайджан» филиалының офисінде тінту жүргізген еді. Оның қорытындысында агенттік атқару директоры Игорь Картавых пен шеф-редактор Евгений Белоусов ұсталды. Бакудегілер оларды ФСБ-ның астыртын қызметкерлері деп санайды. Күштік құрылымдар бұл екеуінен басқа, болған оқиғаны видеоға түсіріп тұрған Ruptly журналисі Айтекин Гусейновты да қамады.

Әзербайжан билігі Sputnik-тің Бакыдегі бөлімшесінің жұмысын биылғы жылы ақпан айында Ресейге ұшып бара жатқан Әзербайжан лайнерінің Қазақстандағы Ақтау қаласына қарай бұрылуға мәжбүр болып, ақыр соңында РФ әуе қорғанысы жүйесінің атқылауы салдарынан апатқа ұшырауына байланысты Мәскеумен арадағы қарым-қатынастың шиелінісіп кетуінен кейін тоқтатуға қаулы қабылдаған болатын. Бакыдегілер сонда агенттіктің бір журналиске ғана аккредитация ала алатынын мәлімдеген.

Vesti.az-дың мәліметінше, алайда Кремльдің құдыретіне сенген Sputnik мұны тіпті де қаперіне алмай, бұрынғы қалпында жұмысын жалғастыра берді.

Minval. az мәліметінше, агенттік қызметкерлері содан бергі айларда әртүрлі шараларға қатысып, жақын арада толық қуатында жұмыс істейтін қалыпқа қайта оралатындарын мәлімдей отырып, түгелдей офистеріне барып, жалақыларын алып тұрған.

«Sputnik-Азербайджан» кеңсесін тінтудің басты түрткісі соның алдында ғана Екатеринбергте бірнеше ондаған әзербайжанның үйлері тінтіліп, 15 азаматтың қамауға алынуы және екі ағайынды жігіттің күштік құрылым қызметкерлерінің соққыларынан қайтыс болуларына байланысты Бакы мен Мәскеудің қарым-қатынасы кезекті мәрте нашарлап кетуі болды. Ресейдегілер оларды бірнеше адамды өлтірген және сондай әрекет жасаған «этникалық қылмыстық топ» деп атады.

Әзербайжан сыртқы істер министрлігі ұсталғандар арасында қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар екенін мәлімдеді. Осыдан кейін елдің бас прокуратурасы Екатеринбургте диаспораның екі өкілінің алдын ала ойластырылған мақсаттарына сәйкес қатыгездікпен ұрып өлтірілуіне байланысты қылмыстық іс қозғады. Ведомство бұған тікелей Ресей құқық қорғау органдарын айыптап отыр.

Қаза тапқан Зияддин және Гусейн Сафаровтар туған жерлеріне әкеліп жерленді. Әзербайжан сараптамасы олардың дене жарақатын алғаннан кейін естен танудан қайтыс болғандарын көрсетті.

Таңбалар: БакыРесейспутник

Ұқсас мақалалар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды
Жаңалықтар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды

15.10.2026
Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist