17 Қазан, 08:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әзербайжанда Ресейдің «Русский домы» жұмыс істеуін тоқтатты

8 Ақпан 2025 15:01
- Жаңалықтар, Қайнар
Әзербайжанда Ресейдің «Русский домы» жұмыс істеуін тоқтатты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БАКЫ. 8 ақпан. Әзербайжан билігі Ресейге Бакыда орналасқан «Русский дом» ұйымының жабылғаны жайында хабар жіберді. Бұл туралы Media.Az дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Әзербайжан билігі Еуроодақтың қаптаған санкциялары аясында жүрген Евгений Примаков басқаратын «Россотрудничество» агенттігінің жобасы – «Русский дом» ақпараттық мәдени орталығының әзербайжан жерінде бұдан әрі жұмыс істей алмайтынын мәлімдеді.

«Россотрудничество» – Ресейдің шетелдерде жұмыс істейтін, соңғы жылдары пайда болған «жұмсақ күш» құралдарының бірі. Оның мақсаты – сол елдерде тұратын жұртты Ресей жағына қарай тарту, Кремльге бүйрегі бұратындай етіп тәрбиелеу, осының қалқасында жергілікті орыстарды сепаратист етіп шығару. Бұлардың бәрінің арғы астарында посткеңестік елдерде Ресейге қосылуды қалайтындардың қуатты тобын қалыптастыру мүддесі, яғни Мәскеудің империялық амбициясы жатыр.

«Бакудегілер бұл ұйымды тыңшылық іс-әрекетпен айналысады деп есептейді, сондықтан мұндағылар «бұлайша сырттан араласушылыққа төзбейді», – деп жазады мәтбұғат. Бұдан бұрын, яғни 6 ақпанда Әзербайжанда Американың тап сондай «жұмсақ күші» болып табылатын USAID халықаралық даму агенттігі жабылған болатын. Бірақ  АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың өзі онсыз да бұл ұйымды біржола жауып тастап жатыр.

Саясат және халықаралық қауіпсіздіктің тәуелсіз сарапшысы, қазір Нью-Йоркте тұрып жатқан ресейлік Номма Зарубина «Россотрудничествоны» «дипломатияның образды сатирасы» деп атады. Ол: «Бұл ұйымның жергілікті жұртқа ықпалы бағасын асырып беру де, кемітіп беру де қауіпті. Бір жағынан оның іс-қимылы көп жағдайда Кремль басшылығының амбициясына тікелей байланысты көрініс береді, әсіресе, ұйымға әлдеқандай бір құпиялық, жұмбақтық сипат бергісі келіп жүрген Примаковтың тұсында бұл осылай бола береді. Алайда әжептәуір бюджеті болғанына қарамастан, агенттік іс жүзінде жұрт аз білетін құрылым болып қала береді», – деді.

Бірқатар сарапшылар Бакының бұл әрекетіне Ресей сарбаздарының атқылауынан кейін Ақтауға барып құлаған әзербайжан ұшағының тікелей әсері бар екенін де алға тартып жатыр.

Әлбетте, Мәскеу бұл оқиғаны өте ауыр қабылдады. «Ведомости» басылымының хабарлауынша, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльдегілердің Бакыдағы «Орыс үйі» жабылуы мәселесіне екі жақты қайта талқыланатынына үмітті екенін айтты. Ал РФ сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова болса, әдеттегідей бурадай буырқанып, «жынын төгіп» жатыр.

«Кавказский узел» таблоиды «Бакыдағы Руский домның жабылуы Мәскеуге қысым жасаудың тәсілі» деп баға берсе, «Азаттық» радиосы «Путин өзінің артынан тепкізіп алды» деген ақпарат таратты.

«Кавказский узел» жазғандай, Әзербайжан билігі 6 ақпанда «Россотрудничествоның» өкілдігі болып саналатын «Русский дом» ақпараттық мәдени орталығының Әзербайжанда заңды тұлға ретінде тіркелмегенін мәлімдеді. Сондықтан Әзербайжан сыртқы істер министрлігі 3 ақпанда Ресей тарапына «Русский домның» іс-әрекетін тоқтату жөнінде нота жолдаған еді.

Әзербайжан саясаттанушылары қазір бұл орталықты «Шпионский дом» деп атап отыр.

 

Таңбалар: БакыРесейРусский дом

Ұқсас мақалалар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды
Жаңалықтар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды

15.10.2026
Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist