БАКЫ. 29 маусым. Әзербайжан парламенті Ресейге өз депутаттарын жіберуга санаулы сағаттар қалған кезде бұл сапарды кілт тоқтатты. Бұл туралы Oxu.az ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Милли меджлис райысының орынбасары Әли Ахмедов бастаған парламент делегациясы Мәскеуде өтуге тиісті Әзербайжан мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссияның 23-ші отырысына қатыспайтын болды.
«Сапардың тоқтатылуына Ресей Федерациясы құқық қорғау органдарының Екатеринбургте әзербайжандарды этникалық негізде сотсыз және тергеусіз мақсатты түрде өлтірулері және оларға зорлық-зомбылық көрсету әрекеттері, сондай-ақ соңғы уақыттары мұндай оқиғалардың жиілеп кетуі себеп болды», – деп жазады Әзербайжан бұқаралық ақпарат құралдары.
Бүгін Әзербайжанда сонымен қатар Ресеймен байланыстағы концерт, фестиваль, спектакль және көрме секілді бірқатар мәдени шараларды өткізуден бас тартылды. Елдің мәдениет министрлігі осындай шараларға билет сатып алған азаматтарға оларды тиісті жерлерге қайтарып беру керектігін хабарлады.
Мұның алдында біз Екатеринбург қаласы Ленин аудандық соты бірнеше Әзербайжан азаматының үстінен қылмыстық іс қарап жатқанын жазған едік.
Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұдайы жанында «бандиттер стрелкалары» ұйымдастырылатын танымал «Каспий» кафесінің директоры Мазахир Сафаровқа қатысты құлып астына алу шарасы тағайындалған.
Бүгін Ленин аудандық соты тұтқын Ахлиман Гәнжиевке қатысты 3 күн мерзімге қамау шарасын қолданды. Сотталушының адвокаты журналистерге өз қорғауындағы адамның әрең қозғалып жүретінін жеткізді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Гәнжиевті электр шокермен азаптап, ауыр заттармен ұрған. «…Менің қорғауымдағы адамның қылмысқа қатысы жоқ. Ол кінәлі емес. Ол тіпті өзін азапқа салып, ұрып соққаннан кейін де ештеңені мойындаған жоқ», – дейді адвокат.
Қорғаушы Әмиров қылмыстық істі тексеру шеңберінде барлығы 15-ке жуық адамның ұсталғанын айтты, күдіктілердің екеуі қақтығыс кезінде қаза тапқан. «Біз қаза тапқандардың созылмалы сырқаттың салдарынан емес, азаптаудың нәтижесінде өліп кеткендерін дәлелдеуге бар күшімізді саламыз», – деді ол сосын.
Сот бүгін сондай-ақ қаза тапқан ағайынды Зияддин және Гусейн Сафаровтардың бауыры Багир Сафаровты да 72 сағатқа құлып астында ұстауға қаулы етті.
Екатеринбургте ұсталған кездерінде қатты соққыға жығылған Кямал Сафаров пен Әзиз Аббасов ауруханадан шықты.
Айта кетейік, Ресей федералды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қызметкерлерін 27 маусым күні Екатеринбургтегі этникалық әзербайжандар тұратын үйлерге арнайы рейд жүргізген. Операция кезінде белгілі публицист және аудармашы Сейфеддин Гусейнлидің екі інісі өлтірілді. Полиция бөліміне 50-ден аса адам әкелінген. Соңынан олардың 10-ы қамауға алынған.
USD




