9 Шілде, 09:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Армения сайлауында зор жеңіске жеткен «АК» үкіметті енді өзі жасақтай береді

8 Маусым 2026 16:12
- Жаңалықтар, Қоғам
Армения сайлауында зор жеңіске жеткен «АК» үкіметті енді өзі жасақтай береді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЕРЕВАН. 8 маусым. Армения парламент сайлауында абсолютті жеңіске жеткен «Азаматтық келісім» партиясы енді үкіметті де өзі құрып шыға алатындай қауқарға қол жеткізді. Бұл туралы РБК ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Сайлау қорытындылары шыққаннан кейін премьер-министр Никол Пашинян Ресейден қуат алып отырған «соғыстың үш басты партиясы» күйрей жеңілгенін баяндап, «Азаматтық келісімнің» болашақ үкіметті ешкімнің араласуынсыз жеке-дара құратынын мәлімдеді.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян парламент сайлауы нәтижесінде «Азаматтық келісім» партиясының көпшілік дауысқа ие болып, үкімет құратынын жеткізді.

«Армения халқы 7 маусымда парламенттік сайлауда дауыс беру арқылы мемлекетті, тәуелсіздікті, болашақты, бейбітшілікті, Армения Республикасын қорғап қалды», – деді Пашинян парламенттегі бюджеттік талқылауларда.

Оппозициялық партиялар туралы сөз қозғалғанда, ол «үш басты соғыс партиясы» жеңілді деп мәлімдеді.

«Бұл маңызды нәрсе, бірақ түпкілікті нәтиже емес, өйткені халық сайлауда өзінің «үш басты соғыс партиясының» және онымен бірге жүретін қылмыстық-олигархиялық жүйенің тамырына балта шабылуы тиіс деген нақты ерік-жігерін білдірді», – деп атап өтті Никол Пашинян.

Ол бұл мәселені көп кешіктірілмей және «өте шешімді қадамдармен»  жүзеге асырылуға тиісті «саяси көпшілік шарасы және үкіметтің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелерінің бірі» деп атады.

8 маусым күні таңертең Армения ОСК барлық 2005 сайлау учаскелерінде дауыс беру қорытындылары бойынша алдын ала деректерді жариялады. Осы мәліметтерге сәйкес, парламентке төрт саяси күш өтті. Атап айтқанда, «Азаматтық келісім» партиясы – 49,81%, «Күшті Армения» блогы – 23,29%, «Армения» блогы – 9,94% және «Гүлденген Армения» партиясы 4% пайыз дауыс алды.

Алайда кейінірек Ұлттық жиналыстың бұрынғы вице-спикері Арпине Ованнисян ханым ОСК мәліметтеріне жүгіне отырып, «Гүлденген Арменияның», анықталған деректер бойынша, 3,996% дауыс жинап, ең төменгі шектен өте алмағанын баяндады. Мұны ОСК райысы Ваагн Овакимян да растады.

Осыған орай Ованнисян парламенттегі 64 мандаттың «Азаматтық келісім» партиясына (Никол Пашинян), 29 мандаттың «Күшті Армения» блогына (Самвел Карапетян), 12 мандаттың «Хайастан» альянсына (Роберт Кочарян) тиесілі екенін атап өтті.

Енді осыған орай бірінші партия үкіметті де, премьер-министрді де өзі бекіте береді. Ол сондай-ақ конституциялық заңдарды қабылдау құқына да ие болады, жоғары лауазымды бірқатар тұлғаларды сайлай да алады. Конституцияға тиісті өзгерістерді енгізу үшін де ешкімге жалынып жатпайды.

Пашинян партиясы, міне, бұл сайлауда осындай ғаламат жеңіске қол жеткізіп отыр.

 

Таңбалар: Никол Пашинянпарламентүкімет

Ұқсас мақалалар

Армения премьер-министрі аяқ астынан неге Мәскеуге сапар бастады?
Жаңалықтар

Армения премьер-министрі аяқ астынан неге Мәскеуге сапар бастады?

07.07.2026
Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды
Жаңалықтар

Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды

04.07.2026
Енді «желілік» жалған психологтар мен коучтар халықты арбай алмайды
Әлеумет

Енді «желілік» жалған психологтар мен коучтар халықты арбай алмайды

25.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist