11 Тамыз, 07:08
RAST.kz
USD USD 466.08 ₸
EUR EUR 538.56 ₸
RUB RUB 5.65 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Аргентина Швейцарияны овер-таймда ұтып, жартылай финалға жолдама алды

12 Шілде 2026 12:30
- Жаңалықтар, Сайыс
Аргентина Швейцарияны овер-таймда ұтып, жартылай финалға жолдама алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КАНЗАС-СИТИ. 12 шілде. АҚШ-тың Канзас-Сити қаласындағы «Arrowhead Stadium» стадионында Швейцариямен 1/4 финалдық матч өткізген Аргентина қосымша уақытта 3:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Бүгін Астана мерзімі бойынша сағат 06:00-де басталған матчтың негізгі бөлігі 1:1 есебімен тең аяқталды.

Есепті 10-минутта аргентиналық шабуылшы Алексис Макаллистер ашты. Ал 67-минутта форвард Дан Ндой жауап доп соқты.

Осыдан кейін, кездесудің 72-минутында екінші мәрте «сары қағаз» алған шабуылшы Бриль Эмболо алаңнан қуылып, швейцариялықтар он ойыншымен қалды. Соған қарамастан, олар қарсыластарының нөпір шабуылдарына төтеп берді.

Ал қосымша уақытта Аргентина екі рет қарсыластар қақпасын дәл көздей алды. Атап айтқанда, 112-минутта Хулиан Альварес, 120+1-минутта Лаутаро Мартинес мергендіктерімен көзге түсті.

Сөйтіп, 3:1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалдық екінші жұпты толықтырды.

Жалпы, бір ойыншысы артық болған аргентиналықтар матч уақытының 53 пайызында допқа егелік етті, қақпаға доп ұруда да, бұрыштама беруде де, бір-бірлеріне тура пас жеткізуде де алда болды.

Енді Франция – Испания құрамалары арасында АҚШ-тың Даллас қаласында өтетін бірінші жартылай финалдық ойын 15-шілдеге қараған, сейсенбі күннің түнінде, Астана уақытымен 00:00 сағатта басталады. Ал Англия – Аргентина арасында АҚШ-тың Атланта қаласынла өтетін екінші финалдық матч 16-шілдеге қараған, сәрсенбі күннің түнінде, Астана уақытымен 00:00 сағатта ойналады.

 

Таңбалар: Аргентина - Швейцарияәлем чемпионатыфутболширек финал

Ұқсас мақалалар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026
ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды
Жаңалықтар

ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

20.07.2026
Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)
Жаңалықтар

Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)

19.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет

    Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет

  • Медицинада кездейсоқ адамдарға орын болмауға тиіс

  • Қазақстандық белгілі кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті

  • Англияда Хаби Алонсоның Дастан Сәтбаев жөніндегі көзқарасы білдірілді

  • Қазалыда «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты мәжіліс мәселе талқылады

  • Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбе теміржол вокзалында жүріп жатқан жұмыстармен танысты

  • «Бекарыс-Агрофуд» ЖШС асыл тұқымды мал өсірумен айналысады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 466.08 ₸
EUR EUR 538.56 ₸
RUB RUB 5.65 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist