25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ақтөбеде ер кісі балалары ұйықтап жатқанда бұрынғы әйелін өлтірген

2 Мамыр 2024 20:36
- Жаңалықтар, Оқиға
Ақтөбеде ер кісі балалары ұйықтап жатқанда бұрынғы әйелін өлтірген
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АҚТӨБЕ. 2 мамыр. Ақтөбе облысында ер кісі үш баласы ұйықтап жатқанда бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтіріп кеткен. Бұл туралы «Мой город» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

#НеМолчиKZ қоғамдық қорының белсенділері  кезекті айуандық әрекет жайлы елді құлақтандырды. Жантүршігерлік қанды оқиға бұл жолы Ақтөбе облысында орын алған. Құқық қорғаушылардың айтуларынша, ер кісі бұрынғы әйелін өзіне шай қоймақ болып бұрылып жатқанында арт жағынан келіп, буындырып өлтірген. Қылмысты оқиға биылғы жылдың 1 ақпаны күні түнде жасалған. Бұл уақытта екеуінен туған үш бала үйде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан. Болған оқиға жайында марқұмның туыстары қоғам белсенділеріне хабарлаған.

«Айбану мен күйеуі 2022 жылы ажырасып кеткен. Басқа қызбен жеке тұрмысын құрып кеткен күйеуі содан бері балаларына алимент төлемеген, балаларымен араласпаған. Бірақ арада екі жыл өткеннен кейін ол қайтып оралған. Айбану оны қабылдаған, себебі, балалары әлі кішкентай еді. Ал қылмыстық ниетпен үйге келген бұрынғы күйеуі өзіне шай қойып бермек болып жатқан әйелін арт жағынан келіп, буындырып өлтірген. Бұл кезде балалары ұйықтап жатқан. Айбану Ақтөбе облысының «Саркөл» ауылындла тұратын еді. Жақындарының айтуларынша, жігіт сол күні Ақтөбелден таксимен келіпті. Келгесін таксишіне өзін ауылдың сыртында күтіп тұруды тапсырыпты», – дейді қоғамдық қорғаушылар.

Қоғам белсенділері қылмыстың алдын ала ойластырылып жасалғанына ешбір күдіктенбейді. Ал кісі өліміне Айбану мен күйеуіне ортақ пәтер себеп болған сияқты.

«Айбану қаржылық жағдайы ауыр болғасын, қалада тұра алмай, ауылға келді. Бұлардың қалада ортақ пәтерлері бар еді. Айбану балаларына тұратын жер керек болғандықтан, соны бөлісуді қайта-қайта сұрап жүрген. Қылмысын жасап болғаннан кейін ер кісі түк болмағандай, ауыл сыртында өзін күтіп тұрған таксиге мініп, Ақтөбеге қайтып кеткен. Үйде өлі аналарының жанында кішкентай үш баласы қалды. Олар таңертең аналарының ас үйде сұлап жатқанын көріп, оны оянбағанына жылаған», – деп атап өтті қордағылар.

Анасыз жетім қалған үш баланы қазір марқұм Айбанудың әпкесі бағып отыр.

Күдікті көп кешікпей қамауға алынды.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған қылмыстық іс бойынша тергеудің аяқталып, сотқа жіберілгенін баяндады. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша қозғалған.

Rast айтамыз: мынадай жағдайдан кейін ату жазасын қалпына келтіруге қарсы болатындар әлі бар ма?!

 

Таңбалар: Ақтөбебұрынғы күйеукісі өлімі

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбеде стратегиялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбеде стратегиялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты

05.08.2026
Ақтөбеде облыстық әкімдіктің ғимараты өртеніп жатыр
Жаңалықтар

Ақтөбеде облыстық әкімдіктің ғимараты өртеніп жатыр

07.04.2026
Атакенттегі алты албасты түгел айыпқа тартылмай кеткелі тұр ма?
Жаңалықтар

Атакенттегі алты албасты түгел айыпқа тартылмай кеткелі тұр ма?

19.09.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist