17 Қазан, 07:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыдағы супермаркетте тілге қатысты шу шығарған әйел жауапқа тартылды

20 Маусым 2026 21:30
- Жаңалықтар, Қайнар
Алматыдағы супермаркетте тілге қатысты шу шығарған әйел жауапқа тартылды

Screenshot

Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 20 маусым. Алматыда қазақ тілін тәрк етіп, супермаркет қызметкерлеріне ұрыс шығарған шалағай ойлы шатақ әйелге айыппұл түрінде жаза белгіленді. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Инцидент мегаполистегі Small желісі супермаркеттерінің бірінде орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол кассадан басталған. Тұтынушы әйел дүкенде істеп тұрған кассаның аздығына ашу білдіріп, мұны әкімгердің түсіндіруін талап еткен. Ал қызметкер оған қазақ тілінде жауап берген. Көп ұзамай екінші кассир келген, алайда бұл тұтынушы әйелдің ашуын күшейте түскен.

«Маған орыс тілінде жауап беріңдер. Мен сендерге орыс тілінде сұрақ қойып тұрмын, – дейді ол әкіреңдеп. Мұнысын және бірнеше рет қайталап айтты. Құдды бір Нұрсұлтан Назарбаевтың тақтан кетерінен сәл уақыт қана бұрын теледидардан көрсетілген үлкен аудиторияның қатысуымен өткен бір жиында «Орыс тілінде келген сұраққа қазақ тілінде жауап бергендеріңнің әкелеріңді танытам!» деген ләмде зіл тастап, у мен зәрін шашқанын есінде өте жақсы сақтап қалған сияқты. – Әдепті болыңдар».

Әйел соның арасында тағы «осы видеоны «әлеуметтік желіде жариялағанымнан кейін әлі көресіні көресіңдер» деген сыңайда қоқан-лоққы жасап қойды. Алайда аталмыш ролик эфирге тараған бойда оны емес, желі пайдаланушылардың кемінде 95 пайызы магазин қызметкеріне қолдау көрсетіп, сатып алушы әйелдің әрекетін қатты сынға алды. Олардың да біразы өзінің әрекетінің жөн екеніне сенімді, сол себепті менмен, өктем, арсыз әйелді шұғыл қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.

Көп ұзамай Алматы полиция департаментіндегілер жанжалға қатысушылардың жеке тұлғалары анықталғанын мәлімдеді. Ол Алматы қаласының 1964 жылы 22 тамызда туған Лисс Галина Николаевна деген тұрғыны болып шықты. Ал оған өте байсалды түрде қазақ тілінде жауап беріп тұрған сатушы қыздың есімі Жансұлу екен. Көпшілік осы қасиеті үшін оған алғыс айтып жатты.

«Әйелге қатысты әкімшілік өндірісінің материалдары жинақталды. Соттың шешімімен ол 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімгершілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полициядағылар. Бұл 85 500 теңге мөлшеріндегі соманы құрайды.

Құқық қорғаушылар Галина Лисске қоғамда алауыздық туғызуға қауқарлы агрессиялардың, арандатулар мен әрекеттердің орын алуларына жол беруге болмайтынын және ондайлардың жолдары заң жүзінде кесілетінін түсіндіріп айтты.

 

Таңбалар: жанжалқазақ тіліЛисссот

Ұқсас мақалалар

Журналист Геннадий Головкинге «Саған деген құрметім нөлге түсті» деді
Әлеумет

Журналист Геннадий Головкинге «Саған деген құрметім нөлге түсті» деді

29.09.2026
Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды
Жаңалықтар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды

08.09.2026
Қазақ тіліне тиісіп, ашық арандатушылыққа барған экс-ресейлік абақтыға жабылды
Жаңалықтар

Қазақ тіліне тиісіп, ашық арандатушылыққа барған экс-ресейлік абақтыға жабылды

26.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist