25 Тамыз, 21:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыдағы Назарбаев мектебінде грант бөлінісіне қатысты дау шықты

24 Маусым 2022 15:23
- Жаңалықтар, Қайнар
Алматыдағы Назарбаев мектебінде грант бөлінісіне қатысты дау шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 24 маусым. Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде гранттың әділетсіз бөлінуіне байланысты дау шықты. Бұл туралы Halyq Uni хабарлады.

Жанжал «Өркен» бағдарламасы аясында қазақ және орыс тобына бөлінген гранттар әділ бөлінбегенінен туған. Осыған наразылық білдірген ата-аналар арасында мұны қазақ тілінде оқитын балаларды кемсіту деп есептейді.

Математика пәнінің мұғалімі Дархан Ардақұлы қазақ тобына тапсырған балалардың жиған балы орыс тобының оқушыларымен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары екенін жеткізді. Бірақ соған қарамастан, олар грантқа ілінбей қалған.

«Өткен аптада мемлекеттің «Өркен» деген гранты берілді. Жетінші сынып оқушылары соған емтихан тапсырды. Осыдан кейін гранттар бөлінеді. Біздің наразылыққа шыққан себебіміз, қазақ тобына бөлінетін гранттар санын азайтып тастаған. Ал орыс тобына бөлінген грантты керсінше көбейтіп жіберген. Бұған қоса, орыс тобындағы балалардың балы әлдеқайда төмен болып тұр. Қазақ тобындағы балалардың балы жоғары болса да грантқа өтпей қалды. Біз бұны әділетсіздік деп санаймыз», – дейді Ардақұлы.

Ардақұлының айтуынша, химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне қазақ тобының балалары орыстармен салыстырғанда, екі есе көп тапсырған. Осыған қарамастан, гранттар екі топқа да тең берілген.

«Қазақ тобына шамамен 1480 оқушы тапсырды. Орыс тобына 700-ге жуық оқушы тапсырды. Екі топқа да жүзден грант бөлінген. Қазақ тобында бір орынға 15 бала, ал орыс тобында 7 бала таласады. Қазақ тобында бәсеке екі есе көп, ал гранттар саны тең. Сонда 100 орында тұрған қазақ тобы мен орыс тобындағы балалардың балл айырмашылығы 60 балл болып тұр. 140 орында тұрған қазақ тобы баласының балы 100 орында тұрған орыс тобының оқушысының балымен бірдей. Яғни, біз 40 оқушының өміріне қиянат жасап жатырмыз. Бұл балалар қазақ тобында оқығаны үшін ғана грантқа түсе алмайды. Егер олар орысша оқыса түсіп кететін еді. Біз бұны тілдік кемсіту деп есептейміз. Біз қазақ тілінде кемінде тағы екі сынып ашуды талап етеміз», – деді Ардақұлы.

Баласы оқуға түспей қалған ата-ананың бірі Тимур Шынтаевтың ұлы 111-орын алған. Егер орыс тобында болса, 75 орынмен грантқа түсер еді.

«Менің балам 1174 балл жинап, қазақ тобында 111-орын алды. Егер орыс тобына тапсыратын болса, 75-орынмен грантқа түсіп кетер еді. Біздің жалғыз ғана айыбымыз – қазақ болып туып, қазақша оқығанымызда болып тұр. Мектептің басшылығына үш рет бардым. Бірінші күні алтыға дейін жұмыс істейтін қызметкерлер төртте кетіп қалған. Екінші күні директор жоқ деді. Үшінші күні директор қабылдамайды, сайтқа кіріп, алдын ала жазыласыз деп айтты. Мен сонымен өзімнің наразы екенімді айтып кеттім. Білім министрлігіне, Президент әкімшілігіне жаздым. Әзірге ешқандай жауап берген жоқ. Қашан жауап беретінін білмеймін», – дейді Шынтаев.

Басында мектеп қақпасын құлыптап тастап, кейіннен ата-аналар мен журналистер хабарласқаннан кейін сыртқа шығып, өзін мектеп директорымын деп таныстырған Гүлмира Бақытбекқызы гранттардың бөлінуіне жауап бере алмайтынын айтты. Оның айтуынша, мектеп бекітілген ережеге сәйкес жұмыс істейді.

«Грант бөлуді мектеп шешпейді. Бізде республикалық комиссия бар. Сол комиссия бізге балалардың тізімін береді. Сол тізім бойынша балаларды қабылдаймыз. Ереже бар, сол ереже бойынша, мектептің жоспарлық күш-қуатын қарайды. Республикалық комиссия бұл аймақта қанша қазақ сыныбы бар, қанша орыс сыныбы бар екенін қарайды. Биыл бізге берген мәлімет бойынша, Алматыда алтыншы сыныптағы балалардың саны – 33 420. Оның ішінде 15 536 бала қазақ сыныбын, 17 884 бала орыс сыныбын бітірген. Барлығын республикалық комиссия шешеді. Мен оған ешнәрсе деп айта алмаймын», – дейді Бақытбекқызы.

Таңбалар: грантдаумектепоқу

Ұқсас мақалалар

Қызылордалық оқушылар «Ең үздік олимпиадалық команда» атанды
Жаңалықтар

Қызылордалық оқушылар «Ең үздік олимпиадалық команда» атанды

01.06.2026
Мұғалімдердің өз шәкірттеріне репетитор болуына тыйым салынады
Қайнар

Мұғалімдердің өз шәкірттеріне репетитор болуына тыйым салынады

27.05.2026
Биыл Қызылорда облысында 10 мыңнан астам түлек мектеп бітірді
Қайнар

Биыл Қызылорда облысында 10 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

25.05.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist