25 Тамыз, 22:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыда сұмдық жол апатын жасаған Александр Пак 10 жылға кесілді

24 Маусым 2026 23:15
- Жаңалықтар, Қайнар
Алматыда сұмдық жол апатын жасаған Александр Пак 10 жылға кесілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 24 маусым. Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойында жан түршігерлік жол апатын жасап, үш адамның өмірін жалмаған Александр Пак 10 жылға сот жүзінде жаза алды. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қайғылы жол апаты 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні әл-Фараби даңғылында орын алған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қарсы бағыттағы Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Олар 1996 жылы туған Еламан Қайыржанұлы деген жүргізуші, 2003 жылы туған Құмар Теңелбаева және 2005 жылы туған Томирис Қыдырбек деген жас қыздар болып шықты.

Мемлекеттік айыптаушы Әлібек Күмісбеков сот процесіндегі жарыссөзде сотталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

22 маусым күні Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі ақырына дейін жеткізіп, 33 жастағы Александр Пакке қатысты үкім шығарды.

Судья Еркін Майшынов айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-тармағы («абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген іс-әрекет») бойынша кінәлі деп таныды.

Сот осыған орай Александр Пакке ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бұдан бөлек, оны өмір бойына көлік жүргізу құқынан айырды.

Сот сондай-ақ қаза тапқан 20 жастағы қыз әкесінің моральдық шығын өндіру жөніндегі талабын ішінара қанағаттандырды. Сот шешімімен Рүстембек Шотеновқа моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңге төленетін болды. Жәбірленуші тарап алдында 100 миллион теңге өтемақы сұраған еді.

Бір қадап тұрып айта кететін жағдай: жол апатында қаза тапқан үш жас азаматтың екеуінің жоқтаушылары – жәбірленуші тарап осындай айдың-күннің аманында даңғыл бойында құйғытып жарысып жүріп, алапат апат жасаған айыпталушыға өздерінің кешірім бергендерін жариялап қойған екен. Іштерінде бір азамат қана өзінің арызын қайтып алмайтынын баяндады. Сотталушы болса, қаза тапқандардан кешірім сұрап, олардың жоқтаушыларына өтемақы беруге дайын екенін мәлімдеген.

Дегенмен, Фемида тарапы олардың кешірген-кешірмегендерін еш қаперге алған жоқ.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Таңбалар: Александр Пакжол апатысот

Ұқсас мақалалар

Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін мәлімдеме жасады
Жаңалықтар

Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін мәлімдеме жасады

17.08.2026
Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды
Әлеумет

Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

06.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist