ЛОНДОН. 31 шілде. Картвель текті орыс жазушысы Борис Акунин Ресейде студенттерге кітаптарын сақтауға тыйым салынғанын баяндады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ол осымен бірге Ресей Білім және ғылым министрлігінің сол жөніндегі құжатының сканерленген нұсқасын жариялады.
Ал министрлік мұндай тыйым салынбағанын алға тартып, құжатты жалған деп атады.
31 шілде, бейсенбі күні жазушы Борис Акунин әлеуметтік желіде құжаттың сканерленген нұсқасын жариялады, онда Ресей Білім және ғылым министрлігі ресейлік жоғары оқу орындарын студенттер мен қызметкерлерге оның және Дмитрий Быковтың шығармаларын жатақханада сақтауға болмайтыны туралы ескертуді талап етеді. 2025 жылғы 21 шілдеде жарияланған құжат жоғары оқу орындарының басшыларына арналған.
Мемлекеттік жастар саясаты және тәрбие қызметі департаменті директорының орынбасары Денис Савенков қол қойған хатта студенттер мен талапкерлердің Борис Акунин және Дмитрий Быков секілді авторлар туындыларын тұрғын үй-жайларда сақтауға жол бермеу жайлы «міндетті түрде хабарлау» турасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін айтады.
Екі жазушы да Ресей Әділет министрлігі растаған «шетел агенттері» тізімінде тұр, ал құжатта Акуниннің бұған қоса Акуниннің тағы «экстремистік әрекетке немесе терроризмге қатысты» ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізіміне енгізілгені жөніндегі мәліметтің бар екені де айтылған.
Борис Акунин өзінің бұл құжатты қайдан алғанын ашып айтпапты. Осыған орай бірқатар пікір білдірушілер құжаттың шынайылығына күмән келтіреді. Бірақ Акунин комметтарийлерде егер Денис Савенков оның шынайылығына күмән келтіріп жатса, оны теріске шығаратынын атап көрсетті.
Білім және ғылым министрлігі Акунин жариялаған құжатты жалған деп атады. «Ресей Білім және ғылым министрлігінің бұған еш қатысы жоқ және оны тиісінше білім беру ұйымдарына жібермеді. Айта кетейік, бұл фейк ақпарат кеңістігінде біраз уақыт бұрын пайда болған, бірақ ол анық сандырақтығына байланысты таратылмаған», – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Борис Акунин (шын аты-жөні – Григорий Шалвович Чхартишвили) – грузин текті орыс жазушысы, аудармашы және қоғам қайраткері. Ол 1956 жылы 20 мамырда Сакартвелоның Зестафони қаласында туған. Жазушы сондай-ақ бұрын шығармаларын «Анна Борисова» және «Анатолий Брусникин» деген әдеби тахаллустармен де жариялаған. Жапонның көптеген танымал жазушыларын орыс тілінде сөйлеткен. Әдепкі әйелі жапон ұлтынан болған. Кейінгі жұбайы – еврей жұртынан. Балалары жоқ.
Григорий Чхартишвили 2014 жылы наурызда Ресей Украинаның Қырым аумағын аннексиялап, күшпен тартып алғанда, көптеген ғылым және мәдениет қайраткерлерімен бірге бұған өзінің келіспеушілігін білдірді. Ол сол жылдан бері өзінің жылжымайтын мүліктері бар Ұлыбритания, Франция және Испания елдерінде отбасымен бірге тұрып келеді.
USD




