26 Тамыз, 05:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Агроэкономика мен аграрлық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды

10 Қазан 2025 20:21
- Жаңалықтар, Қайнар
Агроэкономика мен аграрлық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 қазан. Бүгін Қызылордада облыс әкімінің төрағалығымен агроэкономика және аграрлық ғылымды дамыту мәселелері талқыланған жиын өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында бұл мәселелерге де айрықша назар аударылған еді.

Жиынға мәслихат депутаттары, басқармалар мен аумақтық департамент басшылары, ғалымдар, шаруашылық құрылымдарының өкілдері, онлайн байланыс арқылы Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдері қатысты.

Облыс әкімі сала басшыларына Жолдаудан туындайтын міндеттерді сапалы әрі уақытылы жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

​Президент Жолдауында: «Қолданбалы ауыл шаруашылығы ғылымын жедел өркендетпейінше, агроөнеркәсіп кешенін ұзақ уақыт бойы қарқынды дамыту мүмкін емес» деген болатын. Әсіресе, аграрлық саланы цифрландыруға, ауыл шаруашылығы ғылымын жетілдіруге негізгі басымдық беруді ерекше атап өтіп, бес міндетті айқындады.

Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы саласына жаңа тәсілдерді, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді, жасанды интеллектіні енгізу, екінші, өнімділік пен қайта өңдеуді арттыру, үшінші, технологиялық жаңғырту, төртінші, ғылым мен зерттеуді дамыту, бесінші, қаржылай қолдау көрсету тұр.

«Аграрлық салаға цифрлық технологияларды кеңінен қолдану, терең өңдеу бағытындағы жұмыс баса мән беруді қажет етеді. Ғылымды дамытып, цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігін шаруашылық құрылымдарына түсіндіру керек», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

«Саланы жетілдіруге арналған ғылыми жобаларды қолдап, оларды іске асыруды сүйемелдеп, цифрландырудағы тың бастамаларды өндіріске енгізуді қарастырыңыздар. Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми зерттеу институты білім беру орталығының жұмысын жандандыру, ғылыммен айналысатын білікті мамандар даярлау өте маңызды. Оқу орындарын бітірген түлектерді жұмысқа тарту керек», – деді ол бұдан кейін.

«Президентіміздің сенімін ақтау – баршамыздың ортақ парызымыз. Сондықтан осы бағытта атқаратын жұмыстарымыз жүйелі, нәтижелі болсын.

Бүгінгі берілген барлық тапсырманың орындалуы тұрақты бақылауымызда болады. Жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен бірлесе атқаруға шақырамын», – деді Нұрлыбек Машбекұлы соңында.

Мемлекет тарапынан жыл сайын бөлінген қаржының арқасында өткен 8 айдың қорытындысымен ауыл шаруашылығында 66 млрд 900 млн теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,5 пайыз, тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 16 пайыз артқан.

Жиында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев күріш көлемін кезең-кезеңімен оңтайландырып, суды аз қажет ететін дақылдарды жерсіндіру туралы хабарлама жасады.

Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының директоры, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев аграрлық ғылымды жедел өркендету арқылы агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндіктеріне тоқталды. «Ер-Әлі» шаруа қожалығының төрағасы Әліби Бекжанов цифрландыру тәсілдері арқылы өндіріс тиімділігін арттыру, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова білікті кадр дайындап, озық ғылыми жобаларды өндіріске енгізу, сала ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов су тапшылығы жағдайында қолданылған тәжірибелер жайында пікір білдірді.

Таңбалар: аграрлық білімконференцияҚызылорда

Ұқсас мақалалар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды
Жаңалықтар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

24.08.2026
Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті

22.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist