14 Қыркүйек, 01:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Абай күніне орай «Абай және қазақ руханияты» тақырыбында іс-шара өтті

10 Тамыз 2026 16:29
- Әлеумет, Жаңалықтар
Абай күніне орай «Абай және қазақ руханияты» тақырыбында іс-шара өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 тамыз. Қызылордада Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттауға арналған «Абай және қазақ руханияты» атты мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлы ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа Абайдың өмірі мен өнегелі ойларын таныстыру, ұлттық құндылықтар мен рухани мұраға деген құрметті арттыру.

Тағылымды кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінен 25 әскери қызметші қатысты.

Кездесу барысында Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесі, оның философиялық ойлары мен адамгершілік қағидалары туралы кеңінен айтылды. Қатысушылар ақынның қара сөздері мен өлеңдеріндегі білім, еңбек, ғылым, ел бірлігі және адамдық қасиеттер жөніндегі терең ойларымен танысты.

Абайдың: «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба» деген тағылымды сөзі бүгінгі жас ұрпақ үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ақын шығармалары жастарды білімге, ізденіске, еңбекқорлыққа және елге қызмет етуге үндейді.

Іс-шара барысында әскери қызметшілер Абай шығармашылығына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, рухани құндылықтар жөнінде пікір алмасты. Мұндай кездесулер әскери қызметшілердің мәдени-рухани дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, ұлттық тарих пен әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Абай мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы. Ұлы ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығын дәріптеу – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, білімге құштарлық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі.

Таңбалар: Абай рухыкездесукітапхана

Ұқсас мақалалар

DW эксклюзиві: Зеленський Путинге Майамиде кездесуді ұсынды
Жаңалықтар

DW эксклюзиві: Зеленський Путинге Майамиде кездесуді ұсынды

12.09.2026
ЕМЕН МЕН ТЫНЫШТЫҚ
Жаңалықтар

ЕМЕН МЕН ТЫНЫШТЫҚ

11.09.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Дәулет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist