17 Қазан, 21:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бокс. Петербург губернаторы турнирінде үшінші болдық (видео)

24 Сәуір 2021 22:29
- Жаңалықтар, Сайыс
Бокс. Петербург губернаторы турнирінде үшінші болдық (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 24 сәуір. Бүгін кешке Ресейдің Санкт-Петербург қаласы губернаторы дәстүрлі турнирінің кезекті сайысы аяқталды. Бұл туралы olympicchannel.com.ru хабарлады.

Турнир қорытындысында Ресей және Өзбекстан құрамалары алғашқы екі орынды өзара бөлісті. Ал Қазақстан құрамасы содан кейінгі үшінші орынға жайғасты.

Ресей мен Өзбекстан құрамалары 4 алтын медальға ие болса, Қазақстан боксшылары 2 алтын медаль жеңіп алды.

Бәрін басынан баяндайық. Турнир 19 сәуір күні 57 килоға дейінгі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық Ораз Асылқұловтың алдын ала іріктеу сайысында италиялық түрік жігіті Эрикмаз Халитті 5:0 етіп ұтуынан басталды. Бұдан кейін біздің саңлақтар арасынан екінші болып шаршы алаңға шыққан 63 кг салмақтағы Зәкір Сафиуллин молдован Александр Параскивтен ойламаған жерден ұтылып қалды – 2:3. Мұның артынан 75 кг салмақтағы Әбілхан Аманқұл нидерландтық ван дер Рас Максті 2-раундта іске алғысыз етіп тастады.

20 сәуірде өткен іріктеу сайыстарында 49 кг салмақтағы Теміртас Жүсіпов өзбек Надиржон Мирзахметовке 2:3 есебімен жол беріп қойды. Бұдан әрі 69 кг салмақтағы Асланбек Шымбергенов румын Думитру Виколды осындай есеппен айдап шықты. Ал 81 килоға дейінгі салмақ категориясында әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов ресейлік Ришат Бакировтан 5:0 есебімен басым түсті. Осы жеңісті жолды 91 кг салмақтағы Айбек Оралбай жалғастырып, үндістандық Наман Тануарды айқын басымдықпен ұтты.

Ширек финалдық шайқастардың алды сол күннің соңында ойналды. Онда 49 кг салмақтағы Даниал Сәбит қырғыз Нурлан Туркбайды 5:0 етіп жеңді. Сәуірдің 21-інде ресейлік Максим Чернышевпен қолғап айқастырған Ораз Асылқұлов 1:4 болып ұтылып қалды. Есесіне, қалған жігіттеріміз түгел жеңіске жетті. Атап айтқанда, бұл күні Әбілхан Аманқұлов ресейлік Тамерлан Казиевті 4:1 етіп ұтса, келесі күні 60 кг салмақтағы Бекнұр Ожанов үндістандық Варингер Сингхты – 5:0, Асланбек Шымбергенов таиландтық белгілі боксшы Вуттичай Масукті – 5:0, Бекзад Нұрдәулетов өзбек Дилшод Рузметовті 5:0 етіп жеңіп шықты.

Сәуірдің 23-інде шаршы алаңды шайқаған жартылай финалдық шайқастарда 52 кг салмақтағы Махмут Сабырхан ресейлік танымал боксшы, якут жігіті Василий Егоровтан 4:1 есебімен басым түсті. 69 кг салмақтағы Асланбек Шымбергенов байырғы қарсыласы – өзбек Бобо-Усмон Батуровты 3:2 етіп сүріндірді. Сөйтіп, 2018 жылғы Азия ойындарында кеткен есесін қайтарды. 75 кг салмақтағы Әбілхан Аманқұлов ресейлік Андрей Ковальчикті 4:1 етіп ұтты. 81 кг салмақтағы Бекзад Нұрдәулетов келесі ресейлік Андрей Косенковқа еш мүмкіндік қалдырған жоқ, есеп – 5:0. Сөйтіп, 4 боксшымыз финалға өтті.

Алайда, 1/2 финалда 49 кг салмақтағы Даниал Сәбит ресейлік Игорь Царегородцевпен кескілескен шайқаста 2:3 есебімен жеңілді. 60 кг салмақтағы Бекнұр Ожанов ресейлік белгілі боксшы, ноғай жігіті Альберт Батырғазиевқа 0:5 есебімен тізе бүкті. Ал 91 кг салмақтағы Айбек Оралбай белорус Владислав Смягликовтің алдында осалдық танытты – 0:5. Бұл соңғы үшеуі осылайша қола медальді қанағат тұтты.

Сонымен, бүгін, 24 сәуірде финалдық шайқастарға кезек келді. Онда Махмут Сабырхан өзбектің аса тәжірибелі боксшысы Шахобиддин Зоировпен тең дәрежеде айқаса білді. Бірақ алғашқы раундтарда артық ұпай жинап үлгерген қарсыласына аздаған басымдықпен жол беріп алды – 2:3. Тағы бір алтын медальдан біз Әбілхан Аманқұлдың жарақат алуына орай рингке шыға алмауына байланысты айырылып қалдық. Осылайша 75 кг салмақта ресейлік Глеб Бакши бірінші орынды айқассыз алды. Ал қалған екі жігітіміз абырой биігінен көрініп, алтын медальға қол жеткізді. Атап айтқанда, Асланбек Шымбергенов бір кездері Серік Сәпиевтің басты қарсыластарының бірі болған Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, ресейлік Андрей Замковоймен жекпе-жекте ұдайы бір зарпты артық беріп отырды. Осы артық соққылар оны жеңіс тұғырына көтерді – 3:2. Бұдан кейін Бекзад Нұрдәулетов те ресейлік Имам Хатаевты тәубесіне келтірді. Ол да ұдайы артық ұпай жинай жүріп, қарыласын бір рет оңдырмай нокдаунға түсірді. Оның қай жағынан да артық екенін репортаж барысында комментарий жасаған ресейлік белгілі экс-боксшы, Еуропа чемпионы Сергей Кузьмин айтып отырды.

Сонымен, Санкт-Петербург губернаторының дәстүрлі турнирінің жүлдегерлер тұғыры былай қалыптасты:

49 кг. 1. Надиржон Мирзахмедов (Өзбекстан); 2. Игорь Царегородцев (Ресей);  3. Эдмонд Худоян (Ресей), Даниал Сәбит (Қазақстан)

52 кг. 1. Шахобиддин Зоиров (Өзбекстан); 2. Махмуд Сабырхан (Қазақстан); 3. Василий Егоров (Ресей), Амит (Үндістан)

57 кг. 1. Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан); 2. Дмитрий Спивак (Ресей); 3. Асадбек Қасымов (Қырғызстан), Максим Чернышев (Ресей)

60 кг. 1. Альберт Батырғазиев (Ресей); 2. Абдумалик Халоков (Өзбекстан); 3. Бекнұр Ожанов (Қазақстан), Дорин Букша (Молдова)

63 кг. 1. Алексей Мазур (Ресей); 2. Габил Мамедов (Ресей); 3. Илья Попов (Ресей), Дмитрий Асанов (Беларусь)

69 кг. 1. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан); 2. Андрей Замковой (Ресей); 3. Жанлун Маланга (Италия), Бобо-Усмон Батуров (Өзбекстан)

75 кг. 1. Глеб Бакши (Ресей); 2. Әбілхан Аманқұл (Қазақстан); 3. Андрей Ковальчук (Ресей), Виталий Бондаренко (Беларусь)

81 кг. 1. Бекзад Нұрдәулетов (Қазақстан); 2.Имам Хатаев (Ресей); 3.Мохамед Ассагир (Үндістан), Андрей Косенков (Ресей)

91 кг. 1.Муслим Гаджимагомедов (Ресей); 2. Владислав Смягликов (Беларусь); 3. Владислав Бродецкий (Беларусь), Айбек Оралбай (Қазақстан)

+91 кг. 1. Баходир Жалолов (Өзбекстан); 2. Иван Верясов (Ресей); 3. Владислав Вишнев (Ресей), Андрей Стоцкий (Ресей)

Жоғарыдағы суретте: Бекзад Нұрдәулетов.

Біз төменде Дағыстанда тұратын ноғай бауырымыз Альберт Батырғазиевтің турнир финалында өзбек Абдумалик Халоковпен өткен жекпе-жегін ұсынып отырмыз. Ол былтыр Бішкекте ойналған Д. Шопоқов турнирінің ақтық айқасында да осы қарсыласын жеңіп кеткен еді.

Таңбалар: боксСанкт-Петербургтурнир

Ұқсас мақалалар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі
Жаңалықтар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

16.10.2026
«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?
Жаңалықтар

«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

06.10.2026
Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді
Жаңалықтар

Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді

02.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist