Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

«Antikor ortalygy» жемқорлықты болдырмау жолында күреседі

АСТАНА. 4 сәуір. Елордада «Antikor ortalygy» жобасының аясында сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың жайы туралы айтылды. Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

«Antikor ortalygy» осыған орай жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Ғарифуллинмен және Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязовпен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы онлайн сұхбат өткізді.

Тікелей эфирде Бақтияр Ғарифуллин Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау жөніндегі басқарманың жұмысы туралы айтып берді.

Басқарма қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын бұзушылықтарға жол бермеуі, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауы бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдайды.

Бақтияр Ғарифуллин әлеуметтік желі пайдаланушыларына егер басқарма қызметкерлері пара талап еткен жағдайда, азаматтар 55-14-74 сенім телефонына, 1424 сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Call – орталығына немесе құқық қорғау органдарына жүгіне алатынын хабарлады.

Сонымен қатар,  басқармамен 19 мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық форматта 14 қызмет көрсетілетінін айтты.

Бақтияр Ғарифуллиннің айтуынша, осы жылдың соңына дейін басқарма көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшіріледі.

Тікелей эфирде ол 2021 жылдың басынан бері мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 93 мыңнан астам қызмет көрсетілгенін айтты.

Мәселен, 43,7 мың мүгедек адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,5 мың ымдау тілі қызметін, 30,8 мың жеке көмекші қызметін, 12 мың санаторий-курорттық ем алды, 26,4 мың адам кепілдік берілген әлеуметтік пакеттерді алуды ресімдеді.

Портал мүгедек адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген техникалық оңалту құралдарын жеткізу немесе өздігінен алып кету арқылы алуға болады

Порталды пайдалану бойынша кеңесті Call-орталықтан 1411 нөмірі бойынша алуға болады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button