Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Қазақстан Дума депутаты сөзіне орай Ресейге нота тапсырды

АСТАНА. 13 желтоқсан. Қазақстан Сыртқы істер министрігі РФ Мемлекеттік думасы депутатының қазақ еліне қатысты айтқан сөздеріне байланысты Ресейге нота тапсырды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов РФ істері жөніндегі уақытша сенімді өкіл Александр Комаровты шақырып алып сөйлескенінде оған Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Вячеслав Никоновтың (суретте) республика территориясы туралы айтқан сөздеріне келіспеушілігін білдіріп, нота тапсырды. Ол Думаның білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың «Бірінші арнада» жүрген «Үлкен ойын» хабары кезінде: «Қазақстан территориясы – Ресей тарапынан берілген үлкен сыйлық» дегенін түсіндіріп беруді сұрады.

Кездесу кезінде соңғы кездері кейбір саясаткерлер тарапынан осындай арандатушылықтың жиілеп кеткені айтылды. Мұның екі ел арасындағы сеністікті қарым-қатынасқа үлкен залал келтіретіні атап өтілді.

«Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапынан мұндай жауапсыз мәлімдемеге тиісті баға берілуін күтеді және Ресей Федерациясын мемлекет қайаткерлерінің мұндай мәлімдемелерге жол бермеу шараларын қабылдауға шақырады», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, аталған арнадағы хабарда Вячеслав Никонов Қазақстанға қарсы оның халқының намысына тиетін, тарихты көпе-көрнеу бұрмалаған мәлімдеме жасады. Ол «тарихта бұрын Қазақстан деген ел болмаған» деп соқты.

«Қазақстан болған жоқ. Солтүстік облыстарда қазақтар бұрын мүлде болмаған. Олар оңтүстік жақта ғана болған. Шын мәнінде Қазақстан территориясы – Ресей тарапынан берілген үлкен сыйлық», – деген болатын депутат.

Ал бүгін сол депутат мұны мен басқаша оймен айттым деген тұрғыда ақталып жатыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button