Лондондағы Шерлок Холмстың үйін Дариға сатып алды
ЛОНДОН. 11 қараша. Лондондағы Шерлок Холмсқа тиесілі үй Дариға Назарбаеваның меншігіне айналды. Бұл туралы англиялық The Times газетінің дерегіне сілтеме жасаған K-News хабарлады.
Қырғыз сайты атақты жазушы Артур Конан Дойлдың тыңшы кейіпкері Шерлок Холмс тұратын баспана деп көрсеткен үйдің егесі қазір қазақ жерінің белгілі тұлғасы екенін баяндайды.
«Британия астанасындағы жазушы Артур Конан Дойлдың ойдан шығарған тыңшы кейіпкері Шерлок Холмстың Бейкер-стриттегі үйі Қазақстанның бірінші президентінің отбасына тиесілі болып отыр», – делінген хабарламада.
The Times газеті редакцияның қолына түскен меншік құрылымының заңды корреспонденциясына сүйене отырып атап көрсеткендей, Бейкер-стрит, 221b мәнзілінде тұрған үйдің 90 пайызы бұрынғы президенттің қызы Дариға Назарбаеваның меншігінде болса, қалған 10 пайызы оның ұлы Нұралыға тиесілі екен.
«Бүкіл Назарбаевтар әулетіне Бейкер-стриттегі 215-тен 237-үйге дейінгі жердің бәрі тиесілі», – деп атап көрсетеді The Times. Олар формалды түрде ғана осы аумақты 140 миллион фунт стерлингке сатып алу саудасын жүргізген Farmont Baker Street Limited компаниясының меншігі болып саналады, ал шын егесі – Назарбаевтар.
The Times еске түсіргендей, 2015 жылы үкіметтік емес Global Witness ұйымы Бейкер-стриттегі жылжымайтын мүліктерге тексеру жүргізгеннен кейін оның Дариға Назарбаеваның күйеуі – бизнесмен Рахат Әлиевтікі екенін анықтаған болатын. Бірақ ол Австрия түрмесінде кейін қайғылы жағдайда қайтыс болып кетті.
2020 жылдың наурыз айында Ұлыбритания билігі бұрынғы президенттің туыстарының Лондондағы иеліктеріндегі жылжымайтын мүліктерді тұсаулаған еді. Әңгіме құны 100 млн доллардан астам болатын елдің ең қымбат көшелерінің бірі – Бишопс-авенюдегі «жақсы қорғалған, жерасты бассейні мен кинотеатры бар» особняк, Хайгейт атты беделді аудандағы үй және Челсидегі орасан зор пәтер туралы болып отыр. Кейін Британия соты ордерді алып тастады.